Фрагментация. Репортаж, мақала немесе сюжет бір бірімен өзара байланысы жоқ бірнеше үзіндіге бөлшектеледі. Көрермен немесе оқырман бұл мағлұматтан ешқандай мағына таба алмайды, есесіне күшті негативті эмоцияның зарядын алады.
Кейде манипуляция жүріп жатқанын анықтай қою қиын, себебі, бізді күн сайын ақпараттың көп мөлшерімен бомбалап жатады. Және де сіз жаңалықтарды өшіріп тастасаңыз да, сіздің пікіріңіз бен көңіліңізге ұялаған наным-сенім қалады — бірақ олардың бұрын, манипуляцияның әсерінен түзілмегенін қалай білуге болады. Бұл қиын сұрақ, алайда жалған ақпараттың мыйыңыз бен психикаңызға ететін ықпалын мейлінше аз қылу үшін, өз бойыңызда сыни ойлай білуді дамыту керектігі анық.
Жағдайды азды-көпті объективті бағамдауға септігін тигізетін манипуляцияға қарсы тұрудың кейбір әмбебап тәсілдері бар:
— ақпаратты түпкі дереккөзден алу;
— бір біріне кереғар дереккөздерді талдап (екі тараптың да таратқан деректерін), ортақ және сәйкеспейтін пікірлерді анықтау;
— әлеуметтік желілердегі әрқилы топтардың қарым-қатынасын талдап-сараптап шығу;
— қолдап отырған пікірін талдау арқылы магипуляторларды анықтау.
Сондай-ақ сананы манипуляциялаудың негізгі белгілерін анықтауға талпынып көруге болады:
— БАҚ жұртқа тұлғалар ретінде емес, таңдау еркіндігі жоқ объектілер немесе заттар ретінде қарай бастайды;
— БАҚ нысанаға алғаны сіздің психикаңыз, құндылықтарыңыз, наным-сенімдеріңіз, елес-ойларыңыз және мақсат-мұраттарыңыз екенін сезген әр кез — бұл сананың манипуляциялануына ұшырағаныңыздың белгісі;
— Егер сіз қорқыныш пен жайсыздық сезімін түзуді мақсат еткен жаңалықтарды оқып немесе көріп отырсаңыз, «бұл әйтеуір біреуге керек болып тұр» деген сөз.
Бұқаралық ақпаратқа келгенде өзіңізді скептик етіп тәрбиелеңіз. Бұл сіз әрбір оқыған сөзіңізді тексеріп отыруыңыз керек дегенді білдірмейді, бірақ сізді манипуляциялап жатқан болуы мүмкін екенін қаперіңізде ұстаңыз. Интуицияңызға құлақ салыңыз — әдетте интуиция әлдекімнің сіздің психикаңызға килігуге талпынып жатқанын бірінші болып байқап қояды.