Соңғы он-он бес жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпараттық қоғамның негізгі элементі ретінде қоғам өміріне, оның өмір сүру салтына елеулі өзгерістер енгізді. Бұл туралы el.kz сайтына сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қарапайым адам ғана емес, мемлекеттік органдар, құрылымдар, мемлекеттің өз «телекомуникациялық» тәуелділікке тап болды. Басты коммуникация құралы ретінде интернет ресурстарды пайдалану компьютерлік желілік технологияларды қоғамдық мәдениеттің бір элементіне айналдырды. Осылайша қоғамдық «сананың модернизациясы» орын алды. Интернет ресурстар, мультимедиялық құралдар тек халықты ақпараттандыру ғана емес, қоғам санасын манипуляциялау функциясын да қозғады. Сондықтан бұрын төртінші билік аталған БАҚ қазіргі уақытта «Soft Power»-ге айналды. Қазіргі уақытта елде төңкеріс жасау үшін ауыр артиллерияны, физикалық күшті, қару-жарақты пайдаланудың қажеті жоқ, тек сіздің позицияңыз бойынша ақпаратты біржақты беру, белгілі траекториямен халықтың санасын Ал отандық бұқаралық ақпарат құралдары дәстүрлі медиада жаңа медиаға конвергенциялана алды ма? Бұрынғы пәрменін арттырды ма әлде жоғалтты ма?
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 1156 газет және 1269 журнал, 285 электронды бұқаралық ақпарат құралы (оның ішінде 269 телерадиокомпания) тіркелген. Ал «Kaznic» Қазақ торап ақпарат орталығының 2018 жылғы қазан айындағы деректері бойынша kz және қаз домендерінің жалпы саны 142 430 жеткен. Бұл ресурстар оқырмандарына қандай контент ұсынып отыр және сұранысын қанағаттандырып отыр ма? Мен қазақстандық интернет ресурстардың аудиториясын анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім. Осы сауалнама нәтижесінде респонденттердің 63 %-ы қазақ тілді интернет ресурстарды оқымайтынын, тек әлеуметтік желідегі кездескен кездейсоқ сілтемелерді көзі шалатынын айтты. Ал интернет ресурстар әдетте таргетке немесе СММ планерге кликабельді сілтемелерді қояды. Кликабельді сілтемелер сайттың негізгі контентін білдірмейді, ол тек оқырмандардың реакциясын тудыру ықтималдығы жоғары мақалаларды білдіреді. Әдетте ол трафик көп жинайтын қылмыс хроникалары, «жұлдыздар» өміріндегі скандал, шулар сияқты контенттен тұрады.