Бұл жақсы ма, жаман ба? — Төрттаған
Вторник, 26 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бұл жақсы ма, жаман ба?

18.04.2024
Қоғам
0

Адамзат баласы уақыт пен кезең алға тартқан қиындықтармен, бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарыспен бетпе-бет келген сайын ақпарат мазмұны мың құбылып, жаһандық кеңістік жаңалықтарының күрмеуі көбейе түсті.

Бұл – қалыпты құбылыс. Оның екі себебі бар. Бірі – ақпарат антропологиясының (ақпарат та – тіршіліктің бір бөлшегі, ұдайы эволюциялық санат­та жетіліп не кері кетіп отырады) жаратылыс құбылыстары заңдылығымен әлеумет­тенуі. Келесі сұрып – техникалық динамизм, яғни адам қолында ұстаған гаджет­тер мен смартфондардың адамға тән, алақанға жапсарласқан «он үшінші дене мүшесіне айналуы».

READ ALSO

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

Демек, жедеғабыл, жылдам ақпарат тұтынуға техника игіліктерінің арқасында кеңінен жол ашылды. Ұлыбритания білімгерлерінің арасында мынандай бір жақсы ұғым қалыптасқан. Оны алғаш естігенде таңданған едік. Кейін мәнісіне бойладық. «Егер, әлбет­те, дұрыс қолданса, әрбір британ студентінің қолында қоры мол кітапхана жүр», – деген лепес. Лепестен бұрын, ақылға азық болар өнім тұтыну мәдениетіне жетелейтін жолдар. Осы арада және бір көрнекі мысалға уық шаншуға тура келеді.

Тұрмыстық мәдениетіміздің маңызды «жиһазына» айналған ақылды құрылғылардың тұтас әлеммен байланысу тетігіне айналуы. Бірде, бағыма орай, Кембридж профессорларының дәрісін тыңдау мүмкіндігі бұйырды. Әлем студент­теріне оқылған ағылшынша дәрістің көшелі тұс, кенен кезеңі – мобильді қосымшалар жайында еді. Болашақта мобильді қосымшалар мен нейрожелілердің маңызы үстемеленетінін талқыладық.

Неге мобильді қосымшалар мен ақпарат инновациясын алға тартып отырмын? Задында, мобильді қосымшалар – қазіргі жедеғабыл-жылдам ақпарат тарату мен өмір шындығын көрсетудің алаңы. Олардың оқу, пікір жазу, біреуді белгілеу, бір күндік хикаяңмен бөлісу, қабылдаған ақпарат­ты біріңнен-біріңе жолдау сынды таяныштары (функциялары) – жалған ақпарат тарату үшін де қолайлы орта.

Д.ҚАСТАЙ

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған ақпараттың астарында жалаң мүдде жатады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Технология заманында біз сенетін және ең көп таралған жалған ақпараттар жеткілікті

Оқи отырыңызМақалалар

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4
Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі
Қоғам

Ынтымақ – Қазақстанның күш-қуаты мен жастар болашағының негізі

20.08.2025
3
ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР
Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

20.08.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.