Журналистиканы сапасыз дүниеден сақтаймыз десеңіз ешуақытта бір ғана дерекке сүйенбеңіз. Мақаланың сапасын вебсайтыңыздың қаншалықты заңды немесе шынайы ақпараттар таратуға қауқарлы екендігінен айқындауға болады. Бұндай сайттарда malvertising деп аталатын қауіпті жарнамалар көп болады. Ол жарнамалар сіздің құрылғыңызға шабуыл жасап, оны істен шығаруы мүмкін.
Фейк неге тез таралады?
Адамдар сезімге тиетін тақырыптарды жақсы көреді. Біз олардың қаншалықты шынайы екендігін тексеріп жатпастан, бөлісуге құмартамыз. Фейк әлеуметтік желіге таралса болды, жарықтың жылдамдығынан да тез тарала бастайды.
Фейк тарататын ақпарат құралдарының бір ғана көздегені болады, ақша жасау. Бұл сайттар шынайы ақпарат көзі секілді көрінуі мүмкін. Алайда олардың контенті негізінен кликбейт пен пропагандадан тұрады. Әлеуметтік желідегі боттар бұл сайттардың ақпаратын таратуға көмектеседі. Фейкті жасаушылар саясатпен айналысуды қаламайтын шығар, десе де бүгінгі фейк негізінен саяси климатты қыздыра түсуде. Ақпаратты өзгелермен бөліспес бұрын, міндетті түрде тексер.
Шындықты құрметтемейтін ақпарат құралдары сіздің жеке басыңызды да құрметтемейді. Ондай сайттар сіздің кредит картыңыз туралы ақпаратты, басқа жеке бас мәліметіңізді ұрлаудан ұялмайды. Ол сайттардың бетіндегі жарнама материалдардың артында жасырын кодтар болуы мүмкін. Бұл кодтар сіздің компьютеріңізді бұзады. Сол себептен ол жарнамалардан аса сақ болғаныңыз жөн.
Тән жарасына қарағанда жан жарасы жанды жегідей жеп жіберетіні анық. Сондықтан жел сөзге еріп, өтірікке сеніп, өзіңіз бен айналаңызға кесіріңізді тигізбеуге тырысыңыз. Сіз таратқан жалған ақпараттың жаныңыздағыларға мысалдағы қасқырдай қорқыныш қамытын кигізіп қоймайтынына не кепіл?!
Таралып жатқан ақпараттың бәрін бірдей суға салған мақта сынды бойға сіңіре бермей, ақ-қарасын ажыратып, саралап-сараптап алғанымыз жөн.