Бас прокурор Берік Асылов өткен жылдың төрт айда 29 қазақстандық блогердің әлеуметтік желідегі ақпаратының дұрыстығы тексерілгенін, желілерде Қылмыстық кодекстің 274-бабы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша 29 соталды тергеуде анықталғанын айтты. «Оның ішінде тек бір іс сотқа жіберілді. Қылмыс анықталмағанына байланысты 8 іс тоқтатылды. Қосымша тағы 8 қылмыстық іс бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлға анықталмады). Қазіргі таңда 12 іс қаралып жатыр», – деп түсіндірді Берік Асылов.
Иә, жалған ақпарат шығарушылар да, таратушылар да ісі дәлелденсе жауапсыз қалмайды. Бүгінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274 бабы Қылмыстық жауапкершілік жалған мәліметтерді таратқан адамдарға қарастырылады.
«Бұл бап бойынша, қоғамның тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңды қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін жалған ақпарат таратқандарға 1000 АЕК мөлшерде айыппұл салынады. Болмаса түзету жұмыстарына 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады. Немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Атап айтар болсақ, адамдар жалған ақпаратты қауесеттерге сене қалады да, соны таратуды үрдіске айналдырып бара жатыр. Жалпы кез келген мәліметтерді тексермей, оларды жариялауға ешкімнің құқығы жоқ екенін еске саламын.
Себебі көптеген адам заңнан бейхабар болған соң, туыстарына, достарына жіберіп, өздеріне қиянат жасап алуы мүмкін. Ақпарат шындыққа сай келмей, оны тексермей, ол қандай да бір ақпараттық көздермен расталмай жатып, азаматтар мұндай іс-әрекеттерден аулақ болған жөн.