Жастарға жеңілдетілген несие берілмек — Төрттаған
Среда, 29 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жастарға жеңілдетілген несие берілмек

15.01.2024
Жаңалықтар
0
Жастарға жеңілдетілген несие берілмек

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Биыл алты жүзден астам жасқа жеңілдетілген жолмен шағын несие беру жоспарланып отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының берген мәліметіне қарағанда, өткен жылы беріле бастаған 2,5 пайыздық несие биыл 621 адамға берілмек.
Жобаларды қаржыландыруға 3,1 млрд. теңге қарастырылып отыр. 2023 жылы түркістандық жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарларын қолдауға 2,9 млрд. теңге бөлініп, өз кәсібін ашуға ниетті 1 мыңға жуық үміткерден өтініш келіп түскен болатын. Облыс әкімінің қаулысымен құрылған конкурстық комиссияда бизнес-идеялар қаралды.
Нәтижесінде өткен жылы 625 үміткердің бизнес-жобасы мақұлданып, қаражат толығымен игерілді. Жеңілдетілген шағын несие алып, кәсібін бастаған жастардың басым бөлігі мал және егін шаруашылығы, наубайхана мен кондитерлік өнімдер шығару, жеңіл өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету, көлік және құрылыс салаларын қамтыды.
Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 21-35 жас аралығындағы азаматтарға 2,5 пайыздық шағын несие беру бағдарламасы іске қосылды. Мақсаты – жастардың кәсіп бастауына немесе оны кеңейтуіне, табыс көзін арттыруына қолдау көрсету. Жас кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығы жобалары үшін мерзімі 7 жылды, бизнестің басқа түрлеріне 5 жылды құрайтын 5 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Микрокредитті алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі беріліп, мерзім ұзақтығы 3/1-ден аспайды.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалы сенім білдірілген агенттік ретінде бекітіліп, құжаттар қабылдайтынын айта кетейік.  Түркістан облысының Жастар ресурстық орталықтары бағдарламаның тиімділігін насихаттау мақсатында ауыл-ауылдарды аралап, NEET санатындағы жастар мен оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын биыл да жалғастырмақ. Осылайша жұмыссыздықты азайтуға ықпал жасайтын бағдарлама биыл да жалғасатын болады.
А.ЖАЙЫМБЕТОВ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Атамекен» атқарған жұмыстар ұшан-теңіз

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.