”AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы 241 бастауыш партия ұйымы мен 82 мыңнан астам адамды ортақ мақсатқа біріктіріп отыр. Соның ішінде «Түлкібас» бастауыш партия ұйымында 325 партия мүшесі бар. Аталған БПҰ-ға төрайымдық ететін Перизат Абдыбекова «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нің директоры. Ол бүгінде өндіріс орнының жұмысын жандандырып отыр.
Қуаттылығы жылына 24 мың тоннаны құрайтын әк зауытында 100 адам жұмыспен қамтылған. Тарихы бір ғасырға жуықтаған зауыттан шыққан әк кезінде Түркісібтегі құрылыс алаңдарына пайдаланылған.
Бүгінде тарихы тереңде жатқан өндіріс орнында әктің бірнеше түрі, қиыршық тас өндіріледі. Осыдан екі жыл бұрын 43 млн. теңгеге жаңадан әк сөндіру жұмысы іске қосылған. Алдағы жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында зауытты қайта құрылымдау жоба жоспары жасалынып отыр. Егер осынау жоба жүзеге асса, тағы да 50 адам қосымша жұмысқа орналасады деп күтілуде. Қазіргі таңда зауыт өнімдері еліміздің барлық аймағына және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне экспортталады.
Мұнда Мемлекет басшысы атап өткен нағыз еңбек адамдары жұмыс істейді. «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек»,—деген болатын Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
“Түлкібас әк зауытынан” фоторепортаж
Суретті түсірген: Мейірбек Тажкуранов