ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КҮН ТӘРТІБІНДЕ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КҮН ТӘРТІБІНДЕ

08.01.2024
Жаңалықтар
0
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КҮН ТӘРТІБІНДЕ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

2024 жылдың жұмыс күндерінің алғашқы дүйсенбісі Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжілістен басталды. Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Ең бірінші аудандағы қоғамдық – саяси ахуал туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Әбдиев баяндады. Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалға орай, жұмысшы топ құрылып, жедел хабарлау мақсатында аудан әкімі, аудан прокуроры, Төлеби аудандық ҰҚК-нің басшысы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы және дербес бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдерінің «Кері байланыс орнатуы» бойынша «WhatsApp» әлеуметтік чаты ашылып жұмыс жасауда. Топ құрамында 38 мүшесі бар. Төлеби ауданы аумағында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдарды жедел құлақтандыру және ақпараттық ден қою алгоритмі мен наразылық акциясы туындаған жағдайда атқарылатын іс-әрекеттер алгоритмі жыл басында аудан әкімімен қайта бекітілді. Қазіргі кезде аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Мәдениет және спорт саласында атқарылған жұмыстар барысы жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек баяндама жасады. Бөлім басшысы мәдениет және спорт саласындағы жетістіктер мен қатар мекемелердегі штат құрамы мен ұйымдастырылған іс-шаралар, игерілген қаржыларға дейін есеп берді. Былтыр аудан өнерпаздары Халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық байқаулардан 2 — бас жүлде, 3- ІІ – орын, 2- ІІІ – орынмен, 3- арнайы сыйлықтармен марапатталды. 2023 жылы аудандық мәдениет үйіне қаралған 271 млн 954 мың теңге толық игерілді. Мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты іс-шаралар мен қатар Төле бидің 360 жылдығына арналған аудандық байқаулар ұйымдастырылып, «Өнерлі өлке», «Күй -құдірет, күй -кие», Халықаралық театр күніне орай аудандық әзіл-сықақ фестивалі, «Бұраң бел» аудандық бишілер байқауы өтті.
Аудан аумағындағы 15 мәдени ошағының 12-і табиғи газға қосылса, қалған үшеуі қатты отынмен қамтылып, оларға 76 тонна көмір жеткізілген. Момынай елді мекеніндегі мәдениет үйінде құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісіне сәйкес қабылданса, Киелітас елді мекеніндегі Мәдениет ошағының құрылысы жүргізілуде.
Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәулет Исабекұлы 2023 жылы жайылым жерлерді ортақ пайдалануға беру межесінің ауылдық округтер бойынша орындалу барысын баяндады. Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 1 қарашадағы №436 қаулысымен бекітілген жер есебі (баланс) негізінде Төлеби ауданының жалпы жер көлемі 306 380,0 гектар болса, оның ішінде қала және ауылдық округтерінің жалпы жер көлемі 159383 гектар, елді мекен құрылысындағы жерлері 23 305,0 гектар, елді мекен жайылым жері 44 365,0 гектарды құрайды.
2023 жылы 5,3 мың га жайылымдық және 3,7 мың га нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жер телімдерін халықтың мұқтажына алу жоспарланып, бүгінгі таңда жалпы 5559,72 га жер телімдері ауданның арнайы жер қорына қайтарылып отыр. Оның ішінде 5261,12 га жайлымдық жер, нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 535,6 га тәлімі егістік жер учаскелері. 2023 жылы ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе анықтау жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 106 жер пайдаланушының 8002,24 га жер телімдеріне тиісті акт түзіліп жолданды. «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына сәйкес мал басына қажетті жайылым жер нормативімен есептегенде жалпы аудан бойынша 668 038,0 га жайлым жер телімі керек. Оның ішінде ауданның 70 257,0 га жайылым жерін қоспағанда 597 781 га жайылым жер қажет.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға қатысты уақытылы әрі нақты жауап беруді сала басшылары мен мамандарына жүктеді. Ортақ жайылымдық жерлерді ел игілігіне пайдалануға беру жұмыстарын заң аясында дер кезінде шешуді, межені орындамаған мамандардың жауапкершілігін қарап, шешім қабылдауды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ТҰРҒЫНДАР БІР ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ 190 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.