Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді. Аудандық білім бөлімінің актив залында өткен басқосуда аудандағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Төлеген Телғараев ашып, Астанадан арнайы келген халық қалаулысының жұмыс сапарының жоспарымен таныстырды. Жиынға «AMANAT” партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Басқосуға жиналғандарды Жаңа 2024 жылмен құттықтаған Ұласбек Сәдібекұлы Парламент аясында атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады. 2023 жылдың Наурыз айында өткен сайлау нәтижесі бойынша депутаттық мандат алып, Парламенттің жаңа депуттаттық корпусына енген күннен бастап ел жағдайы бойынша 7 депутаттық сауал жолдаған. Сондай-ақ, Парламент аясында 24 заң жобасы қаралып, оның 12-сі мақұлданған. Ел жағдайымен етене таныс Ұласбек Сәдібекұлы оңтүстік жұртшылығын толғандырған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарастыруда.
Кездесу барысында жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көкейкесті мәселелерін қозғады. Ауған соғысы және Тәжік-ауған соғысының ардагерлері, Семей полигоны сынағының куәгерлері өздері Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерімен, «Ардагерлер туралы» Заңда көрсетілген жеңілдіктерге қол жеткізе алмай жүргендерін жеткізді. Сондай-ақ кездесуде мектеп оқушыларын алғашқы әскери дайындыққа баулуға арнайы орын қажеттігі сөз болып, Киелітас елді мекеніндегі бұрынғы Спутник лагерін қайта жаңартып, пайдалануға берілуі сұранды. Ардагерлер ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандырып, шаруаларға көмек көрсетуді өтініп, арнайы мамандандырылған дәрігерге тексерілу жолдары қиындап кеткеніне шағымданды. Бұған қоса, Шымкент пен Ленгір қаласының ара қашықтығы 30 км болса, жол бойына 21 жол кедергісі орнатылғанына арызданып, Ынтымақ мектебінің құрылысы қай кезде басталатынына қатысты сұрақтар қойды. Шетелден көлік алдырушылар үшін оның кеден салығы қымбат болғанын жеткізген халық қалаулысы мәселені шешуге ықпал етуді сұранды.
Жиында Мәжіліс депутатының халықтың арыз-шағымын тыңдап, оны Үкімет отырысында көтеру үшін арнайы келгеніне аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ризашылығын білдірді.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы халықтың мұң – мұқтажын Парламенттік деңгейде көтеріп, шешілуіне ықпал етіп, әрдайым сайлаушыларының хал-жағдайынан хабардар болып отырған Ұласбек Сәдібекұлына аудан халқы атынан алғысын жеткізді.
Мәжілісмен аудандағы іс сапарын Бірінші Мамыр елді мекеніндегі футбол алаңшасы мен кіші футбол кешенінің құрылысымен танысуға арнады. Ауыл қарияларына жолығып, ««Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында спорт кешенінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілуге дайын екен. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашылуы балалардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасалып отыр. Осы жерден күні ертең мықты спортшылар шығады деп сенемін. Спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына күмән жоқ» , деді өз сөзінде Ұласбек Сәдібекұлы.