2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылы жүзеге асыратын жобаларды таныстыру мақсатындағы көшпелі жиын Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық округ жер аумағы, халық саны жағынан үлкен аймақтардың қатарына енген.
Атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыру және де алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызған басқосуға Төлеби аударнының әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етті. 2023 жылға қорытынды баяндама ауылдық округ әкімі Бақытбек Маусынбеков жасады.
Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінде 2023 жылы салық жоспары 56 млн 397 мың теңгеге орындалды. Ауыл шаруашылық саласында егілген егіс көлемі 5372 гектар. Жеке кәсіпкер Қалдыбаев Дәулет Ақбұлақ ӨК-тен 5,0 га жерді 3 жылға жалға алып көкөністің бір неше түрін егіп, 7 адам жұмыспен қамтылды. Ленгір-Бірінші Мамыр тас жолы бойында Исаев И.К. ШҚ 2 га жерге 0,70 га қызанақ, 0,30 га баклажан, балгарский, 0,30 га кеш пісетін қияр, 0,30 га картоп, 0,15 га пісте және 0,25 га басқа да дақылдар екті. Зағамбар елді мекені тұрғындарының демеушілігімен «Ащы су» қоймасының жоғарғы жағында орналасқан бұлақ көздерінен жиналған ағын суды ескі каналды қалпына келтіре отырып, 25 га жуық жерге су жеткізіліп, жайылымдағы мал суарылатын 2 тоған салынды. Мал шаруашылық өнімдерін арттыру бойынша: сүт жоспар 13,9 мың тонна, толығымен орындалды.
«Болашақ-Нұр» және « Жақсылық » АШК 7 елді-мекен тұрғындарынан — 2 және көршілес Алатау ауыл округінен 1 оператор арқылы 2023 жыл бойына сүт жинаумен жұмыс атқарды. Бал ара шаруашылығы дамып, 2043 бал ара ұяшықтары қойылды. Округ бойынша балық шаруашылығымен «Ұзын-бұлақ» су қоймасында және 4 жеке кәсіпкер үй іргелік жерлерінде сазан, карась, фарель, карп тұқымдарын өсіруде. Округте үй іргелік жерлеріне құлпынай өсіруді қолға алған шаруашылықтар саны артуда. Сондай-ақ, бөдене өсіріп, құс шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкерлер де көбеюде. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыз несиеге қол жеткізгендер саны 56 азамат болса, жалпы алынған қаражат 366 млн.тенге.
Жиын барысында ауылдық округ әкімі 2024 жылға жоспарланған жұмыстар мен қатар өзекті мәселелермен таныстырды. Сала басшылары округ мамандарына берілген тапсырманың орындалу деңгейіне қатысты пікірлерін жеткізді.
Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы мемлекеттік қызметтің жауапкершілік жүгі бар екенін айтып, кемшіліктерге жол берген ауылдық округ әкімі аппараты мамандарына ескертулер берді. Мемлекеттік қызметшілерден берілген тапсырманың орындалуының кешеуілдеу себебін сұрастырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру қажеттіктерін түсіндірді. Мемлекеттік қызметшіге қойылатын ең басты талап – мемлекет пен халық мүддесінің алдында тікелей жауапты екендерін ескертіп, әр маманның өз ісіне салғырттық танытпауын тапсырды.