ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — Төрттаған
Пятница, 21 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

14.01.2024
Жаңалықтар
0
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТЕМІР ҚЫРЫҚБАЕВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.
«Amanat» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті сала басшылары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар мектептерді жылыту, ПУИД-2 бағдарламасының құрылысы, тоғай алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару, дренаждарды іске қосу, учаскелік жер телімі, медициналық нысандардың ахуалы, әлеуметтік сала, ауыз су бойынша мәселелер көтеріп, сұрақтар қойды.
Өз кезегінде халық қалаулысы мәселе көрген әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша тиісті сала басшыларының жауабын қарады. Жергілікті жерде шешілетін мәселелерді дереу қолға алуды тапсырып, республикалық деңгейде шешілетін мәселелерді Парламент төрінде көтеретінін жеткізді.
Қоғамдық қабылдаудан соң депутат жаңадан пайдалануға берілген аудандық спорт сарайының және қаржының бөлінбеуіне байланысты құрылысы тоқтап тұрған орталық саябақтың жағдайымен танысты.
Сонымен бірге, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Ә.Бектаев, М.Б.Қадырбек, А.Г.Сатыбалдиевтар Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді.
Ең алдымен депутаттар «Мырзакент» мақта зауытының жұмысымен танысып, зауыт жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды. Бірақ шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты биыл 40 мың тонна мақта қабылдаған. Соған қарамастан басқа зауыттармен салыстырғанда еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Оған сандық технологияның арқасында қол жеткізіп отыр.
Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында өндіріс орнындағы еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мәселелері сөз болды.
Мұнан соң халық қалаулылары «Жастар орталығы» КММ-нің ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудан әкімі Бақыт Асанов, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан көлемінде шешімін таппай жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерілді. Өз кезегінде сенаторлар аталған мәселелерді жоғары жақта көтеріп, шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА БАЗАРЛАРДАН КІТАПХАНА АШУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 209 АЗАМАТ 1 МЛРД 160 МЛН ТЕҢГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

20.11.2025
12
Жаңалықтар

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

20.11.2025
11
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Пенсионные активы приносят стабильный доход: 3,11 трлн тенге за 12 месяцев

20.11.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

20.11.2025
4
Жаңалықтар

Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

20.11.2025
9
Жаңалықтар

98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
443

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.