Сауран ауданында 101 мың 770 халық тұрады. Облыс халқының 4,7%-н құрайды. Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалып отыр.
Салықтық түсімдердің 2022 жылғы 11 айда нақты орындалуы 1,4 млрд. теңгені құраса, 2023 жылы 2,4 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылдың соңына дейін 2,5 млрд. теңгені құрап, ағымдағы жылға қойылған жоспар 100%-ға орындалады.
11 айдың қорытындысымен ауданның жалпы өңірлік өнімі 110,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8%-ға артып, жан басына шаққанда 1 млн. теңгені құрады.
Жалпы, өнімнің ішінде 86,3%-ы ауыл шаруашылығы, 9,2%-ы өнеркәсіп саласы, 3,2%-ы құрылыс саласы болса, 1,3%-ы сауда саласының үлесінде.
Ауданда өнеркәсіп саласында 10,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде тау кен өндіру өнеркәсібінде 416,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар. Оның ішінде 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14-нің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда: Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 492,0 млн.теңге «Тұран» шаруа қожалығы (сүт өнімдері), «Яссы Құс» шаруа қожалығы (жұмыртқа) өндіреді. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 4,9 млрд.теңге. Жиһаз өндіру саласында 25 өңдірістік цех болса, басым бөлігі үйіргелік жерлерде орналасқан. Өнім көлемі 747 млн. теңге.
Ауданда 11 айда ауданға 28,0 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. Оның 18,2 млрд. теңгесі жеке инвестиция есебінен. 2024 жылы 32,4 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Сауран ауданының аумағында Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде 54 тарихи-мәдени нысан бар. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны — 320,0 млн. теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары басталған. (қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ).
Сонымен қатар, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «Жүсіп ата» кесенесінен жоба құны 97,0 млн. теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді).
Туризм саласы бойынша ауданның әлеуеті жоғары. Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға 2023 жылдың 11 айының қорытындысымен 65 846 турист келген.
Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту мәселесін ең алдыңғы бағыттарға қойған болатын. Осы орайда, ауылдарда техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жасалынды.
Соның бірі ауданымызда жүзеге асып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Коммуналдық салада атқарылып жатқан қызметті одан әрі жетілдіру, жұмыс көлемін оңтайландыру мақсатында техникалық көліктері алынды. Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағыты мен ауылдардағы коммуналдық мәселелер алдағы уақытта осы техникалардың көмегімен атқарылатын болады.
Атап өтсек, қазіргі таңда жүк тиегіш көлік, трактор, манипулятор, қоқыс таситын көлік, автогрейдерлер 1 данадан және және муравей мотоцклі 3 дана алынды. Аталған техникалық көліктер аудан әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сауран қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында.