ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДА ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ — Төрттаған
Суббота, 14 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДА ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

06.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДА ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

READ ALSO

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудандарға іссапарлары жалғасуда. Бұл жолы Келес ауданына атбасын бұрып, аудан активімен мәжіліс өткізді. Күн тәртібінде Келес аймағын дамыту мәселелері талқыланды. Индикаторларды орындамаған жауапты басшыларға сын-ескертпе айтылып, жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма берілді.
– Келес ауданының 2023 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бойынша арнайы меморандум жасалған болатын. Өткен жылғы 10 айдың қорытындысымен аудан бойынша өндеу өнеркәсібі, инвестиция, жаңа жұмыс орындарын ашу және өзге де мәселелер бойныша бірқатар көрсеткіш орындалмаған. Жыл соңына дейін барлық жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету қажет. Келес – көрші мемлекетпен шекаралас аудан. Сауда-саттықты, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік мол. Инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдаңыздар. Келес ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптасқан. Осы саланы дамыту керек. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы төмен деңгейде. Жұмысты ширатыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Мәжілісте Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың атқарған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Ол ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту салаларына басымдық беріліп жатқанын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша істеліп жатқан жұмыстарды зерделеу нәтижесін жариялады. Кемшіліктерге тоқталып, индикаторлардың орындалу барысы туралы ой қозғады.
Оның айтуынша, өткен жылғы 11 айда өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 1,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 5 пайызға төмендеген. Ауыл шаруашылығы саласында өнімнің көлемі 76,5 млрд. теңгені құраған. «Ауыл аманаты» жобасының өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша 448 млн. теңгеге 80 жоба жоспарланса, бүгінгі күнге 364 млн. теңгеге 55 жоба қаржыландырылған. Құс, балық шаруашылығы бойынша жұмысты күшейту керек.
Жиында мемлекеттік сатып алу, кіріс көздерін ұлғайту, кәсіпорындар ашу, білім, денсаулық салаларын дамыту жолдары сөз болып, өзге де көрсеткіштер талқыланды. Облыс әкімі тарапынан аудан басшылығына инфрақұрылымдарды жақсарту, абаттандыру, тазалық жұмыстарын күшейту, инвестиция тарту бойныша тапсырмалар берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ТҰРҒЫНДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТИТЫН «ҚЫЗЫЛӘСКЕР» СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

10.03.2026
11
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ЖАҢА ЖОБА ҰСЫНДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ТӘУЛІГІНЕ 100-150 ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.03.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
4
ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10.03.2026
4
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
279
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
208

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.