ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ I ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ I ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

05.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ I ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарайында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен Түркістан облысы бойынша VIII шақырылымдағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті. Басқосуға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Абишов, партияның облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреева, Түркістан облыстық және 17 аудан мен қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған облыс әкімі Дархан Сатыбалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан реформаларға тоқталды.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен елімізде экономикалық және саяси реформалар жүзеге асуда.  Мәжіліс және мәслихат сайлауында тұрғындарымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Сайлаушылардың көпшілігі «Аманат» партиясының өкілдерін таңдады. Бұл – жетекші партияға деген ел сенімі. Күрделі саяси кезеңдерді Түркістандықтар бірлігін сақтап, абыроймен атқара білді. Алғаш рет өткен жылғы 5 қараша күні пилоттық режимде 4 аудан әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылып, жауапты лауазымға халықтың таңдауындағы азаматтар келді. Сонымен бірге аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және ауылдық округтердің 45 әкімі сайланды. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматта өтуде. Қоғаммен диалог нығайды. Қабылданған реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр. Біз өңір халқымен тұрақты түрде кездесіп жүрміз. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер ең жиі көтерілетін сұрақтар. Әрине, бұл сұрақтардың барлығы бюджеттен қомақты қаржыны талап етеді. Дегенмен, қаржының мүмкіншілігіне қарай бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Басты міндетіміз – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Депутаттар мен жергілікті атқарушы органдар тізе қосып жұмыс істесе, өңір дамиды. Ел Президентінің саяси реформалары елімізді өзгерістерге бастап, нақты жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта бірлесіп еңбек етеміз. Бәріміздің мақсатымыз – елге қызмет ету! – деді Дархан Сатыбалды.
Форумда панельдік сессиялардың жұмысы талқыланып, салалық басқарма басшылары депутаттар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жауап берді.
Форумның негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі депутаттардың мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылы үшін, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде тиімділікті арттыру үшін өкілді билікті дамыту. Түркістан облысының өкілді және атқарушы мемлекетік билік тармақтарының өзара ықпалдастығын арттыру міндетін мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық әрі тиімді байланыс орнықтыруға ықпал етпек.
Жиын соңында форумға қатысушылар облыс әкімі орынбасарларының модераторлығымен өтетін панельдік сессияларға қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, 2022 жылдың маусым айында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында алғаш рет барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтті. Тәжірибе мен идеялармен бөлісудің тиімді алаңы, өзекті сауалдарға жауап алу мінбері, атқарушы мемлекеттік органдармен сындарлы диалог орнықтыруға мүмкіндік беретін кері байланыс арнасы болып бекіген форум тиімділігін көрсетіп, оң тәжірибені республиканың барлық өңірлерінде іске асыру тапсырылған болатын.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ АТАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ ӨСІП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ІРІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ СОРАТЫН 24 ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМҒА БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

03.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.