Бізді қыруар жұмыстар күтіп тұр — Төрттаған
Вторник, 19 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бізді қыруар жұмыстар күтіп тұр

07.12.2023
Қоғам
0
Бізді қыруар жұмыстар күтіп тұр

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Әлемдегі көптеген мемлекеттер өздерінің экономикалық әлеуеттерін туризм саласын дамыту арқылы көтеріп алды. Баршаға белгілі, кез келген турист көлікті, қонақүйді пайдаланып, тарихи орындарды мәдени мекемелерді, табиғатты тамашалап, сауда жасау арқылы жергілікті қазынаға қомақты қаржы құяды. Сондықтан Мемлекет басшысы туризм саласын дамытуды міндеттеп отыр. «Үкімет пен Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ, сол жерлерге барып демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін ең алдымен инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет саласын түбегейлі жаңарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек» деп атап көрсетті өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
Төлеби ауданы – туризм саласын дамытуға қолайлы аймақ. Тәңір шарапатымен құт қонып, қыдыр дарыған қасиетті өңірдің табиғаты да ерекше. Сондықтан болар, жылдың қай мезгілі болсын, таулы аймақ өзінің табиғатымен тамсандырады. Жібек жолы бойына орналасқан ежелгі қалалар, тарихи, мәдени орындар, табиғаты көркем көрікті өңірлер көп. Айталық, Ақсу өзені, «Ақсу-Жабағылы» қорығы, «Сайрам-Өгем» табиғи паркі, киелі Қазығұрт тауы, Дарбаза, Біркөлік, Ақмешіт шатқалдары, Есім ханның ордасы, Мыңшейіт қорымы, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Қырыққыз, Жалаңбаба, тағы басқа да қасиетті орындар туристердің танымдық көкжиегін кеңейте түсері анық. Осындай тұмса табиғатымен талайларды таңқалдырған Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Ауданда туристер келуі үшін инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет көрсету сапасын түбегейлі жақсартуда келелі жұмыстар жүріп жатыр. Таулы аймаққа баратын жолдар жөнделуде.
Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140-қа жетіп, туризмді табысты салаға айналдыру бағытында ілкімді жобалар жүзеге асуда. Туризм саласының әлеуеті жан-жақты сараланып, кешенді жобалар мен бағдарламалар іске асырылып жатыр. 2023 жылдың 9 айында 31 884 демалушыға 691,2 млн. теңгенің қызметі көрсетілді. Туризмді дамытуға жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары, инвесторлар тартылуда.
Биыл ауданда 3,6 млрд. теңгеге туристік нысандар ашылды. Атап айтқанда, «ALMA – TAU» демалыс орнында құны 2 млрд. 539 млн. теңгеге қонақүй мен спорт кешені құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңадан 30 адам жұмысқа қабылданды. Нысанбек елді мекенінде жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның 250 млн. теңгеге демалыс аймағы ашылып, ол демалушыларға қызмет көрсетуде. Мұнда 8 адам жұмыспен қамтылды. Қасқасу ауылдық округінде құны 250 млн. теңгеге «Кіші Еуропа» демалыс аймағы ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер
Х.Назарованың демалыс аймағы іске қосылды. Бұл демалыс аймағының жалпы құны – 9 млн. теңге, 6 адам жұмыспен қамтылды. Зертас ауылдық округінде ЖК К.Қожабергенова құны 150 млн. теңге болатын саумалмен емдейтін сауықтыру орталығын іске қосты. Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалмен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем қабылдауда, мұнда 6 адам жұмыспен қамтылған. Жыл аяғына дейін Қасқасу ауылдық округінде жеке кәсіпкер М.Жүнісовтің құны 150 млн. теңге болатын демалыс аймағын ашу көзделуде. Осылай туристер мен демалушыларға қызмет көрсетумен бірге, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамту мәселесі де шешімін табуда.
Сонымен бірге 2025 жылы облысымызда құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жоба (демалыс аймақтары, қонақүй, спорт кешені, оңалту-сауықтыру орталығы) іске қосылып, туристер, демалушылар санын 55 мың адамға жеткізу жоспарлануда (2022 жылы 41488 адам демалған).
Ауданда экологиялық туризмнің дамуына да көп көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары табиғи аумақтарға келушілер саны екі есеге көбейген. Олармен экологиялық мәдениет пен техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
Биыл «Ақсу-Жабағылы» қорығы мен «Сайрам-Өгем» табиғи паркінде тау фестивалі өткізілді. Онда экологиялық мәдениет, қауіпсіздік шараларын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау тақырыптарында шеберлік сабақтары өткізілді. Табиғи аумақтарда көшет егу мезгілінде экологиялық акция ұйымдастырылды. Ауданда 500 төсек-орынмен қамтылған 5 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді.
Ел Президенті Қ.Тоқаев осы Жолдауында «Балаларға экологиялық тәрбие беру маңызды. Оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үйреткен жөн. Әдеби мұраларымызды тани білуге, қорғауға дағдыландыру керек» деген болатын. Мектеп оқушыларымен танымдық, сауықтыру мақсатында тәрбиелік бағдарламалар жұмыс істейді. Аудандық Оқушылар үйі оқушылардың жазғы демалысын көңілді, қызықты өткізу үшін 1-3 күндік туристік жорықтар, саяхаттар бағдарламасын әзірлеген.
Ауданда туристерді көптеп тарту және сапалы қызмет көрсету аясын жақсарту үшін олардың талап-тілегін зерттеп, жаңа жобалар мен бағдарлама қарастырылуда. Қымызбен, саумалмен емдеу ісі, ат туризмі, жол талғамайтын көліктермен тау-тасқа, шатқалдарға саяхат жасау қолға алынуда. Бұл қызмет түрін негізінен аяғы ауыратын кісілер, үлкендер пайдаланады.
Саяхаттап келушілерді қарсы алу, күту мәдениетін қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау жұмыстары қолға алынады. Ауданның тарихи, мәдени орындарын, көрікті жерлерін жарнамалауға, насихаттауға көңіл бөлінеді.
Иә, біздің өлкенің бүкіл әлем тамсанатын Швейцарияның табиғатынан бір де кемдігі жоқ. Мәселе – барды ұқсата білуде. Демек, еліміздің, өңіріміздің туризм саласын дамытуда бізді қыруар жұмыстар күтіп тұр десек, қателеспейміз.
К. ЕЛІКБАЕВ,
Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІНІҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.