ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТІНЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ АППАРАТТАРЫН ТАРТУ ЕТТІ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТІНЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ АППАРАТТАРЫН ТАРТУ ЕТТІ

06.12.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТІНЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ АППАРАТТАРЫН ТАРТУ ЕТТІ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

«Жедел медициналық жәрдем» қызметінің жұмысы облыстық депутаттардың назарында. Бүгін Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған депутаттар: А.Салимов, М.Тұрысбеков, И.Намазбаева, Ж.Сүлейменов, Ж.Әбдібаев, Н.Жамалбеков, С.Арыстанов облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысты.
Қызметкерлермен жүздесіп, орталықтың қызмет ету деңгейін бақылады. Мекеменің жұмысымен танысу барысында облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков облыстық «Жедел жәрдем» қызметіне өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратының 5 данасын сыйға тартты. Жалпы құны – 55 млн. теңге.
– Аппараттар арнайы Жапония елінен сатып алынған. Бір аппараттың құны – 11 млн. теңге. Бүгінде адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Соның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Көлік қақтығыстарында, күнделікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылады. Сондықтан бұл аппараттарды халыққа қызмет көрсету сапасы жоғары, жылдам әрі тапшылық болмауы үшін орталық қызметіне пайдаланған дұрыс, – деді М.Тұрысбеков.
Жапонияның медициналық құралы арнайы көлікке орнатылады.
Айта кетейік, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрамында 6 бекет, 17 бөлімше және 46 пост бар. Жедел медициналық жәрдем өңірдің 2 088 510 тұрғынына қызмет көрсетеді. Қызметтік радиусы – 100 шақырымды құрайды. Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы 142 бригадамен толыққан.
Атап айтсақ, дәрігерлік – 34, фельдшерлік – 108. Түркістан облысы бойынша санитарлық автокөліктің жалпы саны – 187. Биыл аймақтың жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа типтік ғимарат пайдалануға берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ЖЕТІСАЙДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
14
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
7
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
6
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
5
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.