ӨНЕРІ ӨРІСТЕГЕН «АРША»ТОБЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ӨНЕРІ ӨРІСТЕГЕН «АРША»ТОБЫ

29.11.2023
Мәдениет
0
ӨНЕРІ ӨРІСТЕГЕН «АРША»ТОБЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Әрбір адамның бойында Алланың берген өнері немесе дарыны болады. Соны дұрыс білсе, өнерлі жан өз орнын табады. Бастысы, оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал болмайды. Ауданымызда осындай өнердің бір тармағы бойына дарыған балғын балапандарымыз, өнерлі жастар, аға буын өнерпаздарымызда баршылық. Қазақ халқының басына өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін бүгінде тарих сахнасына айналды.
Тарихы бай, табиғаты тамаша Түлкібас өңірінің киелі топырағынан шығып, қазіргі таңда ауданымыздың намысын, облыс, республика көлемінде қорғап жүрген мақтаныштарымыз, жерлестеріміз «Арша» тобының «Өнерім-Өмірім» атты ән кеші Майтөбе ауылында өте жоғарғы деңгейде өтті. Кешті ашып беру үшін сахна төріне Майтөбе ауылдық округінің әкімі Медет Оңалбекұлы, аудандық мәдениет үйінің мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Базыл Зәбенұлы сөз алып, бүгінгі кештің жақсы өтуіне сәттілік тілеп, өнерпаздардың өнері бұдан әрі де дами түссін деп ақжарма тілектерін арнады.
Ұлттық киімдер киіп, домбыраларын құшақтап залға еніп жатқан өнерпаздар Үкілі домбыра оркесторы халық күйі «Нәр ағаш» сазды әуенін орындап, концерттің шымылдығы ашылды. «Қазақ деген аттан сүрінсе де, салттан сүрінбеген» халық десек, осы «Арша» тобы сол салттан жаңылмай, жиналған жұртшылыққа құлаққа жағымды үндері мен халық әндерін нақышына келтіріп орындап, мерекелік кеш одан әрі қыза түсті. Одан бөлек аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, қошеметке бөленді. Майтөбе ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен кеш, атап айтсақ дәстүрді дәріптейтін кештің әуезді әннен, дүбірлі домбырадан шабыт алған халықтың дәстүрлі өнерді сағынып қалғаны байқалып-ақ тұр. Ауыл тұрғындарының қошеметі ерекше болды.
Келген көрермендерді бір серпілту мақсатында «Арша» тобына қатысты сұрақтар қойып, дұрыс тапқан тыңдарманға Майтөбе ауылдық мәдениет үйінің атынан сыйлықтар берілді. Қалың көрерменнің есіне сала кетейік, «Арша» тобы 2006 жылы құрылып, 2011 жылы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болып, халық әндерін орындаған.
Келесі сөз Майтөбе ауылдық мәдениет үйінің директоры Жасұлан Қуатбекұлына, Майтөбе ауылдық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Әзімхан Абитұлына беріліп концертті қорытындылады. Жиналған көпшілік те мерекелік көңіл-күймен, өнерпаздарға ризашылықпен тарқасты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

СЕГІЗ БЕСІКТІ БІР СӘТТЕ ТЕРБЕТКЕН АЛТЫН ЖҮРЕКТІ АНА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮЛКІБАС: КЕРШЕТАСТЫҚТАР ӨНЕРЛІ АЗАМАТТАРЫНА АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.