МАҚТААРАЛДА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ — Төрттаған
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

01.12.2023
Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Мақтаарал ауданында прокуратура ғимараты пайдалануға берілді. Мырзакенттің орталық алаңында орналасқан сәулетті нысанның ашылуына Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, аудан әкімі Бақыт Асанов және құқық қорғау саласының басшылары мен өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, жалпы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шарада облыстың прокуроры Мұрат Тілеубердиев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұралхан Көшеров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғарбаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті аудан орталығында бой көтерген жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
«Прокуратура — мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, тұрғындардың құқығын, жалпы қолданыстағы заңдардың орындалуын қадағалау — ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан, прокуратура қызметкерлеріне жағдай жасап, осындай үлкен ғимарат салып беруге тікелей атсалысқаны үшін аудан әкімі Бақыт Асановқа алғысымды білдіремін!» — деген Мұрат Әжінұрұлы аудан әкіміне алғыс хатын табыстады.
Мұнан соң қонақтар мен жиынға қатысушылар нысанның лентасын қиып, ішін аралап көрді. Ғимаратта прокуратура қызметкерлері үшін барша жағдай жасалған. Атап айтқанда, толық құрал-жабдықтармен қамтылған үлкен және кіші мәжіліс залдары, қызметкерлер үшін жеке кабинеттер, тіпті спорт залы мен санузелдері де бар.
Облыс прокуроры мен жиынға қатысушылар нысанның сапасына жоғары баға беріп, ғимарат ауласында көшет отырғызу рәсіміне қатысты. Нысанды салуға ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тапсырма берген. Конкурстық құны 239 миллион теңгеге мердігер — «Бархан 5» ЖШС-і 2 жылдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтады.
Айта кетейік, 5 жыл бұрын іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, Мырзакент кенті жаңа ауданның орталығы атанды. Сол кезде Жетісайдан ағыла көшкен мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарына ғимарат табылмай арендалық мақсаттағы ғимараттарға жайғастырылса, бірнеше мекемелер Атакент кентіне барып орналасуға мәжбүр болды. Өйткені, Мырзакенттің аумағында орналасқан ғимараттардың барлығы дерлік ескірген болатын және басым бөлігі апатты жағдайда тұр еді.
Аудан басшылығы ауданның даму концепциясын әзірлегенде ең бірінші құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелерге жаңа ғимарат салуды жоспарлаған еді. Осылайша 5 жылдың ішінде Мырзакентте үлкен құрылыс нысандары бой көтерді. Оның ішінде аудан әкімі аппаратының ғимараты, аудандық мәслихат аппаратының ғимараты, дербес бөлімдерге арналған әкімшілік ғимараты ел игілігіне берілді.
Міне, бүгін аудандық прокуратура ғимаратының да құрылысы аяқталып, жаңа нысан ашылып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САУРАНДЫҚТАР «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІН ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАРМЕН ӨТКІЗДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Музей қызметкерлерінің І-конгресі

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
196
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
154
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.