ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

29.11.2023
Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістан облысы әкімдігінде облыстағы жас мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академияға түсу талаптарын түсіндіру мақсатында Академия ректоры Ерлан Қуанышұлымен арнайы кездесу өтті. Жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов модераторлық етіп, облыстағы кадр әлеуетіне тоқталды.
– Бүгінгі таңда өңірімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткен меритоктария қағидасына аса үлкен мән беріліп келеді. Биыл жалпы ішкі конкурстардың нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің 69%-ы, яғни 83 адам жоғарғы лауазымға тағайындалды. Сонымен қатар облыста кадр әлеуеті де жоғары деңгейде деп айтуға болады. Мемлекеттік қызметшілердің 95%-дан астамы жоғары білімді, оның ішінде, «Болашақ» бағдарламасының 12 түлегі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 25 түлегі облысымызда еңбек етуде. Бұл тәжірбиесі мол кадрлардың бар екендігін көрсетеді және жас әрі білімді мемлекеттік қызметшілерге берілген үлкен мүмкіндік, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40 жас, еңбек өтілі 11 жылды құрап отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жастардың үлесі айтарлықтай көп. Атап айтқанда, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 39%, яғни 1400 жас азамат мемлекетке қызмет етіп келеді.
Жиында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жастарға беретін мүмкіндігі мен оқуға түсу талаптары және «Өңірлік кадрлық саясат» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы Ерлан Әбіл кеңінен тоқталды.
– Түркістан облысында жалындаған жастар көп. Академия білікті, білімді жастарды жоғары лауазымды қызметтерге тағайындауға мүмкіндік береді. Қызметте өсу мүмкіндігі жоғары. Бұл – Президенттің жастарға деген сенімі. Үрдіс қайталанады. Қалыс қалмаңыздар. Берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар, – деді академия ректоры.
Басқосуға қатысқан 35 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер Мемлекеттік басқару академиясының ректоры мен Әдеп жөніндегі кеңес төрағасына көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Балажанов Өркен әрбір өңір өз кадрлық резервін жасайтынын, білімін дәлелдеп, резервке енген азамат кез келген лауазымға конкурссыз тұруға мүмкіндік алатынын айтып өтті. Жастарды конкурстан өтуге шақырып, мемлекеттік қызметшілермен кездесуге мүмкіндік тудырғаны үшін облыс әкімдігіне алғысын білдірді.
Іс-шара аясында Департаменттер үйі ғимаратынан «Мемлекеттік қызметшілер» мұражайы ашылды. Мұражайды құрудың идеясы – мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктеріміз мен заманауи технологияның даму үдерісін салыстырмалы түрде көрсету арқылы өткеннен өнеге алып, болашақты бағамдауға жол ашу.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 6 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың 63%, яғни 3589 қызметші жергілікті атқарушы органдарда жұмыс атқаруда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: АРЫСҚА КІРЕБЕРІСТЕ ЖЕМІС БАҒЫ ЖАЙҚАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 75 ДАНА САНИТАРЛЫҚ АВТОКӨЛІК САТЫП АЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.