Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында аудан әкімінің кубогы үшін жасөспірімдер арасында шахматтан ашық біріншілік өтті. Сайысқа Түркістан қаласы мен Шардара, Жетісай, Келес, Бәйдібек, Мақтарал, Сарыағаш аудандарынан келген жас шахматшылар мен ордабасылық жасөспірімдер қатысты.
Сайыс қорытындысына сәйкес, жалпы есеппен Темірлан ауылының спортшылары I-орынды иеленсе, төрткүлдік шахматшылар II-орын алды. Жүлделі III-орынға Келес ауданынан келген жасөспірімдер ие болды. Ойын соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Темірлан спорт» клубының арнайы грамоталарымен марапатталды.