Астанада 13-19 қараша күндері аралығында бокстан VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 200-ге жуық спортшы жүлдеге таласты. Түркістан өңірінің боксшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль түсті.
51 келіде әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов чемпион атанып, осы салмақтағы сұрақтардың нүктесін қойды. Сонымен бірге Сәкен спартакиаданың ең үздік боксшысы ретінде де арнайы марапатқа ие болды. Сәкен 4 жыл бұрын да Спартакиада ойындарында топ жарған болатын. Қоржынға екінші алтынды 63 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайуулу салды.
86 келіде Абзал Құттыбеков пен 92 келіде Сағындық Тоғамбай күміс жүлдеге ие болды. Ал аса ауыр салмақта Нұрлан Сапарбай қола жүлде еншіледі.