Қырыққыз тас мүсіні туралы — Төрттаған
Вторник, 17 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Қырыққыз тас мүсіні туралы

09.10.2023
Мәдениет
0
Тас мүсінге айналған Қырыққыз

Байқағанымыздай, қарақалпақ жыраулары жырлаған «Қырық қыз» жырының оқиғалары Түркістан жерінде өрбіп, қырық қызға басшылық ететін батыр қыздың әкесін бай деп сипаттаса, қазақ жыраулары жырлаған бұл жырдың оқиғалары қазіргі Қарақалпақстан аймағындағы Төрткүл тауының төңірегінде болады, мұнда қыздың әкесі хан деп суреттеледі. Жырдың жалпы мазмұнын қысқаша баяндасақ, Төрткүл тауының Көкше жағындағы «Қарабұлақ» деген жерде Бақтияр ханның алты ұлы мен Ханшайым атты батыр, балуан, шешен қызы болады. Ханшайым әкесінен Оймауыттың ойындағы Миялы деген жерді сұрап алып, қызыл қорған салдырады да, ел аралап қыздар жинап, шөл мен тау арасына барып, оларға соғысудың сан айласын үйретеді. Қыздар мінетін тұлпарларды сыншылардың сынынан өткізеді. Ханшайымның қырық қызы Көкшетауда (Көкшетау – Төрткүл ауданындағы таудың атауы. Бесқала қазақтары әлі күнге дейін оны Көкше деп атайды) тұлпар жарыстырып, көкпар тартып жүргенде Қараша атты қалмақтың ханы тыныш жатқан Бақтияр ханның елін шауып, хан мен алты ұлын өлтіреді де, халқын тонап, балалар мен жесірлерін алып кетеді. Тауда қырық күн болып оралған қырық қыз елінің қырылғанын көреді. Қатты қайғырған қыздар жаудың соңынан қуып, мал-мүлкін алып бара жатқан керуенге жетіп, елге қайтарады. Қараша ханнан кегін алу үшін оны іздеп барып, елін шауып, ханның басын алады. Тұтқынға түскен халқын өз еліне алып келген қырық қыздың ерлігі мен ақыл-парасатына риза болған жұртшылық оларды ардақ тұтып, «Қырық қыз» қаласын салдырады.

Ханшайым ерлігімен танылған Әлшора атты батырға тұрмысқа шығып, олардан Білеулі деген бала туады. Ол баланың құрметіне де «Білеулі» қорғанын салдырады. Қосағымен қосылып, Ханшайым осылайша бақытты өмір сүреді.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қарақалпақ жыраулары жырлаған «Қырық қыз» эпосының нұсқасында Аллаяр, Гүләйім, Арыслан, Әшір, Аманқұл, Сәйеке, Жұрын, Сұртайша (қалмақ ханы), Өтбасқан, Алтынай, Нәдірше, Сәрбиназ, Құңқар тәрізді кейіпкерлердің аты аталса, қазақша жырланған «Қырық қыз» эпосында Бақтияр, Ханшайым, Қараша (қалмақ ханы), Әлшора, Білеулі атты т.б. кейіпкерлер кездеседі.

«Қырық қыз» эпосының қарақалпақша нұсқасы тұңғыш рет 1949 жылы баспа бетін көрді, орыс тіліне аударылып Ташкент, Мәскеу, Петербор қалаларында жарыққа шықты. Осы жырдың желісінде драма, балет пен әдеби шығармалар да жазылды. Ал қазақша нұсқасын халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, фольклоршы-ғалым Қыдырәлі Саттаров 1985 жылы Хожелі қаласының тұрғыны, атақты ақын-жырау Қайролла Иманғалиевтен жазып алған. Жырдың толық нұсқасы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақталған. Қ.Саттаров жырға «Қырық қыз» эпосын жырлаған қазақтың жыраулары – Үкі жырау, Жаскілең, Бақы, Жақып, Бітеген. Бақы жыраудың баласы Мақуыттан Қайролла Иманғалиев үйренген деген түсінік береді.

Бұл аталған өнерпаздардың көбі негізінен ХІХ ғасырда өмір сүрген болса, «Қырық қыз» эпосын ХХ ғасырда да жырлаған қазақ жыраулары ретінде Жақып Құтыманұлы (1881-1956), Қайролла Иманғалиев (1907-1987), Наурызбек Нұржаубайұлы (1931-1994) сынды есімдерді атай аламыз. Ғалым, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Көбей Сейдеханов «Қарақалпақ фольклор экспедициясы» мақаласында: «Наурызбек қол созым жерде кебежеге сүйеулі тұрған домбырасын алып, өзінің «Таныстыру жырын» айтты. «Бұхарбай батыр», «Құлбек», «Сегіз сері» дастандарынан үзінді тыңдадық. Қарақалпақтың «Қырық қызын» да жаттапты. Оның «Гүләйім» аталатын бөлімін қазақша айтып берді» деп жазады. Бұл дерек атақты жырау Наурызбек Нұржаубайұлының репертуарында да «Қырық қыз» эпосының болғанын дәлелдейді. Бірақ Наурызбек жырау жырлаған бұл жыр жазып алынбаған сияқты, әзірге қолжазбасын кездестіре алмадық.

Бертінге дейін Қарақалпақстанда «Қырық қыз» эпосының авторы ретінде қарақалпақ жыраулық дәстүрінің бастауында тұрған Жиен Тағайұлының есімі аталып келді. Жиен жыраудың авторлығымен аталған жыр 1959 жылы қазақ тіліне аударылып, Алматыдағы «Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет» баспасынан 23 мың данамен жарық көрді. Алайда Өзбекстан мен Қарақалпақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қабыл Мақсетов 1993 жылы Нөкіс қаласында жарық көрген «Қырық қыз: қарақалпақ халық дастаны» кітабының алғысөзінде: «Құрбанбай, я Қиястың «Қырық қыз» жыры Жиен деген жыраудан қалыпты» деген сөздеріне немесе болар-болмас басқа да болжамдарды негіз етіп, «Қырық қыз» Жиен жыраудың шығармасы дейтіндер бар. Мұның қате пікір екенін «Қырық қыздың» Құрбанбай және Қияс жыраулардың нұсқаларын салыстырсаңыз анық байқайсыз. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қырық қыз» авторларын іздеудің керегі жоқ. Оларды табу да мүмкін емес» деп жазады.

Фольклоршы ғалым Қыдырәлі Саттаров Қайролла жыраудан жазып алған «Қырық қыз» жырын 1990 жылдары «Жазушы» баспасынан жеке жинақ етіп шығарған. Эпоста 7-8 буынды жыр үлгісімен қатар, 11 буынды қара өлең үлгілері де ұшырасып отырады. Қайролла Иманғалиевтен алынған жыр ерлікке, отансүйгіштікке үндеуімен ғана емес, ескі этнографиялық бұйымдардың, ұлттық ойындардың атауларын сақтап қалғанымен де құнды. Мысалы:

Пішендей қылып Жүрімді,

Ортаға әкеп тастайды.

«Лақ ойыны» болған соң,

Атшабарға бастайды…

Немесе:

Кем болмасын сәнің деп,

Алтыннан таңдап салдым ер.

Болаттан таға қақтырдым,

Ат тұяғы азар деп.

Суырыпсалма ақын, ескі жырларды көп білетін үлкен жырау – Жақып Құтыманұлы «Зар заман», «Ертелі кеш шығасың» сынды көптеген толғаумен қатар, көлемді «Құлназар», «Өткен күндер», т.б. жырларды өз жанынан шығарып жырлаған. Оның репертуарында «Қырық қыз» жырының да өзінше дамытып жырлаған дербес нұсқасы болған.

Жалпы, Бесқаладағы қазақ ақын-жырауларының репертуарында тың жыр-эпостардың көп кездесетіні анықталып отыр. Мұны Қарақалпақстанға фольклорлық экспедициямен барып, әдеби және музыкалық мұралардың үлгілерін жинаған өнертанушы-ғалым Талиға Бекхожина да жақсы байқаған. Бұл жөнінде «Қазақтың 200 әні» атты музыкалық-фольклорлық жинағында: «Эпикалық жырлар қазақ арасына түгелдей орын тепкен жанр. Әйтсе де, қарақалпақ, түркімен жерлерінде тұратын қазақтарда дәстүрлі жанрлардың басқа да түрлері орындалғанымен батырлар жыры ерекше орын алады» деп көрсетеді. Мысалы, «Қырымның қырық батыры» циклді эпосының бір саласы аталатын «Қарасай-Қази» жырының бүгінде отыз жеті нұсқасы мәлім болса, соның басым көпшілігі Әмудария бойында жырланған. Одан бөлек әлі фольклорға белгісіз ондаған жыр-эпостар жеке мұрағаттар мен қолжазба қорларында жатқаны анықталды. Біз сөз етіп отырған «Қырық қыз» жыры да сондай тың эпостардың бірі деуге болады.444

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Тас мүсінге айналған Қырыққыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖОЛДАУҒА — ҚОЛДАУ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
4
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
3
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.