Тас мүсінге айналған Қырыққыз — Төрттаған
Вторник, 17 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Тас мүсінге айналған Қырыққыз

08.10.2023
Мәдениет
0
Тас мүсінге айналған Қырыққыз

Қазақтың байтақ даласында жұмбаққа толы аңыз мекендер көп. Сондай ғажап жердің бірі –Түркістан облысы Төле би ауданы Өгем өзенінің жағалауындағы тас мүсіндерге айналған Қырыққыз ескерткіші.

Тас мүсінге айналған Қырыққыз

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Филология ғылымдарының докторы Қыздархан Рысберген ағамыз «Тас мүсінге айналған қырыққыз» атты мақаласында: «Қазақта киелі саналатын Қазығұрт өңіріне бара қалсаңыз, ғажайып тас мүсінге айналған Қырыққызды көресіз. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугер­шілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар Құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тас мүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5-6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында», – деп жазады.

Қырыққыз туралы келесі бір аңызда  ханның қыз ұзату тойының салтанаты өтіп жатқанда тосыннан жау әскері шабуыл жасап, ер-азаматтардың барлығын жайрататындығы айтылады. Мал-мүліктерді талап, таңдаулы деген қырық қызды ұстап, елдеріне әкеткелі жатқанда қыздар қолдарын көкке жайып, құдіретке «жатқа қор қылғанша сүйегіміз өз елімізде, өз жерімізде қалсын, бізді тас қыл» деп жалбарынған екен. Ақыры қыздардың ниеттері қабыл болып, бәрі бірге тасқа айналған деседі. Бір ерекшелігі, осы мүсіндер маңында алшақтау, жеке тас мүсін тұр. Бұл жөнінде ел арасында екі түрлі болжам бар. Бірінде оны күйеу тас десе, екіншісінде қыздарды іздеп шыққан ақ кимешекті ана десіп, бұл араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.

Мұзарт тауы

Ең қызығы Қырық қыз туралы аңыз көрші қырғыз фольклорында да  кездеседі екен. Профессор Сұлтанғали Садырбайұлы өзінің еңбегінде мынадай деректерді алға тартады: «Қырық қыз» туралы аңыздың бірі «Мұзарт тауы» деп аталады. Мұзарт қырғыз еліндегі тау аты, мұзды тау дегенді білдіреді. Ол Нарын облысының Жұмғал ауданы мен Қошқарата тауының ортасында тұр.

Қайрат Исмаил есімді автор «Өткен заманда қырық қыз Қошқарата жаққа тойға бармақшы болып, Жұмғал жақтан шығады. Олар ауылдан шыққанда аспан ашық, тауда шөкімдей де бұлт болмайды. Қыздар тойға барамыз деп, сәнденіп, жеңіл-желпі киініп шығады. Бұлар ауылдан қозыкөш ұзап шыққан соң биік таулардың басына көтеріледі. Сол кезде қарсы беттен ақтүтек боран соғып, айналаны сұрғылт тұман басады. Сол сәтте қырық қыз бастарын түйістіріп, біріне-бірі ықтап, қорғана бастайды. Бірақ, иесіз тауда оларды кім аясын, таудың іші ұлыған үрейлі үнге толып кетеді. Сол жерде Мұзарт тауының басында қырық қыздың 39-ы мұзға айналып, тек түйе жүн, жыртық шапан киген кедейдің қызы ғана аман қалыпты. Екі туысқан елдің аңыз-әфсаналарында осындай ұқсастықтар кездеседі. Барлық жерде қырық қыздың аянышты тағдыры айтылады. Бұл көрші жатқан туысқан елдердің салт-дәстүріндегі ұқсастықтардың көптігінен болса керек-ті. Бәлкім, бұл қазақ пен қырғыз халықтарының 40 санын киелі санайтындықтарынан да болар. Қырық санына қатысты ырым-тыйымдардың да, мақал-мәтелдердің де жиі кездесетіні бекер емес» деп жазады. Түбі бір түркі халықтарына ортақ әдеби мұралар аз емес. Соның бірі – көлемді де көркем «Қырық қыз» эпосы. Әйелдердің отаншылдығы мен батырлығын дәріптейтін бұл жырдың оқиғасы да, құрылымы да өзгеше. «Қырық қыз» туралы аңыз-әңгімелер түркі жұртында, оның ішінде Орта Азия халықтарының біразында кездеседі десек те, аталған жырдың көлемді әрі көркем нұсқалары бүгінгі күнге қазақ пен қарақалпақ жыраулары арқылы жеткен.

Қарақалпақ жыраулары жырлаған «Қырық қыз» эпосының оқиғасы мынадай: ерте заманда Түркістан, Саркоп атты қаладағы ноғайлы елінде дәулеті мол, Аллаяр деген байдың алты ұлы мен Гүләйім атты сұлу, ақылды әрі батыр қызы болғаны айтылады. Гүләйім әкесінен сұрап алған Миуалы жеріне қорған салдырып, қасына қырық қыз жинап, оларды соғыс ісіне даярлайды. Осы оқиғалардың арасында Гүләйімге ғашық Әшір, Аманқұл, Сәйеке, Хорезм батыры Арыслан есімді жігіттердің және Аллаяр байдың шопаны Жұрынның батыр қызға ынтызарлықтан туған алуан түрлі істері баяндалады. Қыздар тауда жүргенде қалмақ ханы Сұртайша Саркопқа басып кіріп, Аллаяр мен алты ұлын өлтіріп, қаланың батыры Өтбасқанды жаралап, қолға түсіреді. Елге келген Гүләйім Сұртайшаның елді шапқанынан хабардар болады да, қалмақтарға қарсы соғысқа дайындалып, Дербенттауда Сұртайшаның әскері мен қырық қыздың арасында ұрыс болады. Елінен безіп Ақбұлақтың бойын мекен етіп отырған Хорезм батыры Арыслан Гүләйіммен жауға бірге аттанып, Гүләйім Сұртайша ханды, Арыслан дәу сипатты қалмақ батыры Қарқашықты өлтіреді. Тұтқындағы елін құтқарып, Түркістанға келіп, Арыслан мен Гүләйім шаңырақ көтеріп, той береді. Сол кезде Арыслан батырдың Хорезмдегі елін Нәдірше келіп шабады. Бұл хабарды естіп, Арыслан батыр Гүләйім, Сәрбиназдармен бірге аттанып, жауды жеңеді. Осылайша, Хорезмге бейбітшілік пен әділдік орнатып, әр халықтан би сайлап, Гүләйім мен Арыслан Түркістанға қайтады.

Жалпы, бұл жырдың қарақалпақ арасында екі нұсқасы бар. Бірі – 1938 жылы Құрбанбай Тәжібаевтан, екіншісі 1960 жылы Қияс Қайретдиновтен жазып алынған. Қияс жыраудың нұсқасында Гүләйімнің әкесінің есімі Бурабай, сүйген жігітінің аты Қырымдағы ноғай батыры Қыран, елін шабатын қалмақтың ханы Елексан деп көрсетіледі.

Қарақалпақ жырауларының нұсқаларында:

Ертеде, ерте заманда,

Халық езілген табанда,

Түп бабамыз он санда,

Аз ноғайлы елінде,

– деп басталса, бесқалалық белгілі қазақ жырауы Қайролла Иманғалиев жырлаған «Қырық қыз» жырында:

Қазақ, ноғай халқынан,

Бақтияр деген бай болған.

Төрт түлігі сай болған.

Дұшпаннан кегін алғандай,

Қайратты, өткір жан болған,

– деп келеді.

Эпостың қарақалпақша, қазақша нұсқаларында да оқиғаның «Ноғайлы елінде» басталуы бұл жырдың түркі халықтарының біртұтас дәуірінде пайда болғанынан дерек береді.

Екі халықтың жыраулары жырлаған «Қырық қыз» эпосының сюжеттері бір-біріне өте жақын. Кейіпкерлерінің есімдері мен оқиға өткен жер атауларында ғана өзгешеліктер бар. Әдебиеттанушы ғалымдар қаһармандық эпостарды ежелгі аңыз-жырлар, тарихи жырлар деп жіктейтіні белгілі. «Қырық қыз» эпосын мазмұнына қарап, аңыз-жырларға жатқызуға болады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қолөнер – ұлттың қазынасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қырыққыз тас мүсіні туралы

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
4
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
4
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
3
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
158

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.