Жолдау-2023: Қазақстанды IT-елге айналдыру – міндет — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жолдау-2023: Қазақстанды IT-елге айналдыру – міндет

29.10.2023
Қоғам
0
Жолдау-2023: Қазақстанды IT-елге айналдыру – міндет

Уақытты бағындыру мүмкін еместігін білеміз. Бірақ өз уақытымызға иелік ете аламыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың арқасында адамдар күнделікті тұрмысын өз уақыты мен ыңғайына икемдеуге әуес. Инновациялардың көмегімен күрделі іскерлік операцияларды жүзеге асыру үшін уақыт тығыздығы, жер қашықтығы деген ұғымдар кедергі болудан қалып бара жатқаны да рас. Осы ретте IT саласының мамандарын көптеп даярлау, оларды қолдау уақыт талабы болып отыр.

Мемлекет басшысы цифрландыру және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән береді. Бұл өте құптарлық әрекет. Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев ІТ саласы бойынша төмендегідей мәлімдеме жасаған еді:

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

— Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек,- деген еді мемлекет басшысы.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде де «Ақпараттық жүйелер» және «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша IT саласының мамандары даярланады. Сапалы білім беру мақсатында университетіміздегі «Компьютерлік инженерия» кафедрасының профессорлы-оқытушылар құрамы үлкен үлес қосуда. Мәселен, «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Тасқын Құрманжан, Дулат Орынбасар, Аслан Елеусіз осы жылғы дипломдық жобаларында «көмекші робот» жасап, шығарды. Роботтың басты ерекшелігі – жасанды интеллектке байланысу арқылы, қазақ тілінде еркін сөйлейді, кез келген сұрағыңызға жауап береді. Роботтың ақпараттық жүйесінде тек қазақ тілі емес, түрік, ағылшын, орыс тілдері де бар. Яғни, интернет желісінен күнделікті сіз іздейтін қарапайым сұрақтардан бастап, күрделі сауалдарға жауап беруге қауқарлы.

Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау КеАҚ университетінде биылғы жылдың 20-21 сәуір күндері «Atyrau SmartTeam Hackathon» Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық Хакатонда оқу ордамыздың «Yassawi» командасы I орынды иемденді.

Шынында, егер ел ішінде отандық IT саласының мамандары аз болатын болса, кадр даярлаудың да мүмкіндіктері кеми бермек. Сондықтан ең бірінші біз IT мамандарының сонымен қатар сапасын да арттыруымыз қажет. Қазіргі білім алушы жастарға бұл саланың болашағы зор екенін ұғындырып, қызықтыра білгеніміз жөн. Қазір білімділер мен білгірлердің дәуірі. Жаңа мамандықты, жаңа саланы меңгеруден қашпай, еліміздің дамуына бірге үлес қоссақ деймін.

Г.КАЗБЕКОВА,
Техника ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХКТУ «Компьютерлік инженерия» кафедрасының меңгерушісі.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ-2023 ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.