Балық та байлық көзі — Төрттаған
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Балық та байлық көзі

25.10.2023
Қоғам
0
Балық та байлық көзі

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Қазақтар тек мал өсірмеген
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарға жылына 16 келі балық тұтынуға кеңес береді. Өйткені, теңіз өнімдерінің құрамындағы «Омега-3» май қышқылдары қан тамырларының бітелуінен сақтайды әрі ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Осыны білетін дүние жүзі халықтары жылына 100 миллион тоннаға дейін балық аулайды екен. Оның 60-70 пайызы мұхиттар мен теңіздерден ауланса, 15 миллиондай тоннасы қолдан өсіріледі. Өзен, көлдерден, тоғандардан ауланатын балық тағы бар. Жалпы, әлемде АҚШ, Жапония, Қытай, Чили және Ресей мемлекеттері балық шаруашылығы бойынша алдыңғы қатардағы елдер санатында.
Қазақтар да балықтың пайдалы екенін ертеден білген. Мәселен, орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.Гаврилов «Переселенческое дело в Туркестанском крае» деген еңбегінде Перовск уезіндегі балықшылар туралы: «Балық шаруашылығы қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды кәсіптің бірі болды. Балық қыста көлдерде мұз қатқан кезде ауланады, балық сату ісімен алыпсатарлар айналысады. Бұл кәсіппен айналысқан отбасылар бір қыста 200-450 сомнан пайда табады» деп жазады. Тарихтан белгілі, Сырдария, Әмудария өзендері мен Арал, Каспий теңізі жағалауларында отырған қазақтар балық аулап, күн көрді. Оларға Орынбор және Ырғыз қалаларынан тапсырыстар түсіп тұрған. Әлгі Н.Гаврилов Қазалы уезінің Шыбынды болысында 5010 қазақ балықшысы тіркелгенін жазады. Демек, қазақты тек мал шаруашылығымен ғана айналысты деп біржақты пікір айту қателік.
Тұрмыстық жағдайларда балықтың орасан зор пайдасы болған. Мәселен, балық майынан бауырсақ пісіріп, тамақ жасаған. Хиуадағы сабын, тері зауыттарына балық майын өткізіп, ол жақтан тұрмыстық бұйымдар әкелетін саудагерлер көп болған.
Бекіре тұқымдас пілмай – «изип» балығынан ағаш желімін алған. Бұл желім кезінде өте қымбат бағаланған. Балық майынан сабын да алынады. Қазақ даласында балық майынан сабын шығаратын өндіріс орындары да жұмыс істеп тұрған.
Созақ ауданында Құмкент деген ауыл бар. Түркі әлеміне белгілі Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің кесенесі осы ауылдың іргесінде. Сол ауылдың батысында Шәмші Қалдаяқов әнге қосқан Қызылкөл жатыр. Көнекөз қариялар ашаршылық жылдары осы көл тартылып, аштықтан қырылғалы жатқан жергілікті тұрғындар саяз суда шоршып жатқан балықтарды теріп әкеліп, аман қалғанын айтушы еді. Осы Құмкент ауылының маңайында бұрын 40 көл болыпты. Қырық көлі бар ауыл көлге ау салмады деп кім айта алады?
Мемлекеттен қолдау бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арнаған былтырғы Жолдауында балық шаруашылығын өркендетуге айрықша назар аударылып, тиісті сала өкілдеріне нақты міндеттер жүктелді. ҚР Үкіметі 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Онда балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама бойынша балық көлемін 2030 жылға қарай 270 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 67-ден 134 мың тоннаға дейін молайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өнім экспортын 2030 жылға қарай жылына 181 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бұған кететін шығын көлемі есептеліп, балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету жағы да қарастырылған. Осы бағытта Түркістан облысы да «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын» қабылдады. Аталған бағдарлама бойынша биыл 6640 тонна балық өсіру жоспарланған. Алғашқы тоқсанның өзінде-ақ облысымызда 2559 тонна балық және балық өнімдері сатылымға шығарылды.
Жалпы, 2030 жылға дейін өңірімізде тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл үшін жергілікті маңызы бар 104 су айдыны 88 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген. Бүгінде 156 кәсіпкерлік нысан тауарлы балық өсірумен тұрақты айналысады.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Данияр Сейітовтің айтуынша, балықты жасанды тоғандарда өсірушілерге жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген. 30 шаруашылыққа субсидия беріліпті. Сондай-ақ, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 миллион теңге қаралған. Биылдың өзінде 20 тоған балық шаруашылығы үшін қайта құрылымдалған. Балық шаруашылығымен айналысатын 14 кәсіпкер «Түркістан ӘКК» акционерлік қоғамы арқылы 5,4 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алу жөнінде құжат тапсырса, соның төртеуі 1,6 млрд. теңге жеңілдетілген несиеге ие болған.
Облысымызда жалпы қуаттылығы жылына 15 мың тонна балық етін өндіретін 7 зауыт жұмыс істейді. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар есебінен 1 млрд. 700 млн. теңгеге балық жемін шығаратын 2 зауыт салынады деп межеленуде. Олар жылына 10 мың тоннаға дейін балық жемін шығарады.
Кедергілерге келісуге болмайды
Дегенмен, басқарма мамандарының айтуынша, түйткілді мәселелер де жоқ емес. Айталық, конкурстық негізде балық шаруашылығын жүргізу үшін табиғат пайдаланушыларға берілген жергілікті маңызы бар 21 су айдынында табиғат пайдаланушылармен жасалған келісімшарт талаптары орындалмаған. Осыған орай келісімшарт біржақты бұзылған.
Бүгінде су айдындары мен тоғандардың аумағында шаруашылықтарды өркендету үшін жер телімдерін уақтылы ресімдеуде қолбайлаулар кездеседі. Балық асыраушылардың көбеюіне байланысты акваөсіру бойынша кеткен шығындардың көлемін есептеп, субсидиялауға қосымша қаржы бөлу де маңызды. Балық шаруашылығымен айналысқандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, айдындар мен тоғандарды көбейту керек. Бұл ретте инвесторлар тарту да кезек күттірмейтін міндет. Балық өнімдерін өңдейтін және балық жемін шығаратын зауыттар ашқысы келетіндерге ешқандай кедергі болмауы тиіс.
Бұған қосымша, балық өсіруге арналған материалдарды сатып алуға, бағалы балық түрлерінің аналық табындарын сатып алу мен күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарға және азық құнын 30 пайызға дейін субсидиялау үшін балық түрлерінің тізбесін кеңейту керек.
Су айдындарында африкалық лақа, дөңмаңдай, беломур, карп, сазан өсіріледі. Олардың есебін уақтылы алып отыру керек. Конкурстық негізде балық шаруашылығын арттыру үшін берілген жергілікті маңызы бар су айдындарында табиғат пайдаланушылар өз міндеттерін қалай атқарып жүр? Олардың жұмыстарына талдау жүргізіп, келісімшартты орындамағандармен қатаң сөйлесу керек.
Тағы бір айта кетерлігі, елде балық шаруашылығының қыры мен сырын терең меңгерген мамандар тапшы. Бір апта ғана оқып, сертификат алғандарды өз ісінің нағыз шебері деп айтуға болмас. Ендеше, колледждер мен институт, университеттерде балық шаруашылығының мамандарын даярлау ісін қолға алса, артықтық етпейді. Рас, Шардара қаласындағы колледжде мамандар даярланады. Алайда, олар балық етін өңдеу, консервілеу мен тұздауды ғана меңгерген. Тереңдеу үңілсек, балықтардың арасында да бір-бірімен қатар жүре алмайтындары кездеседі. Бірін-бірі жойып жіберетіндері бар. Әрі-беріден соң балықта да ауру бар. Оларды емдеу, тұтынушыға сапалы өнім ұсыну үлкен шаруа.
Ысталған, қақталған өнімдер сұранысқа ие
Қазақстанға сырттан жылына 45 мың тонна балық өнімдері келеді екен. Олар – мұхитты мекендейтін майшабақ, скумбрия, асиляк, басқа да теңіз өнімдері. Импорттың едәуір үлесі Ресей, Норвегия, Исландия, Қытай мен Балтық елдеріне тиесілі. Ал, Қазақстан жылына шамамен 30 мың тонна балық өнімін экспорттайды. Біздің балықтар 36 мемлекетке экспортталып, олардан 60 миллион доллар пайда түседі. Біз балық сүбесін, қақталған, ысталған, мұздатылған балық өнімдерін сыртқа шығарамыз. Көксерке сүбесі Еуропаның озық елдерінде, атап айтқанда, Германия мен Нидерландыда қазақстандық бренд саналады. Қақталған, ысталған балық өнімдерінен Ресей, Украина, Литва, Қытай тұрғындары да шеткері қалмайды. Шардара қаласындағы зауыттар бұл күндері ысталған, қақталған балық өнімдерін шетелдерге импорттап жатыр. Демек, балық шаруашылығы біздің облысымызда да қарқынды дамып келеді.
4 келі, бұл аздық етеді
Бүгінде әлемде жойылып кеткен немесе жойылуға шақ қалған балық түрлерін сақтап қалу бойынша сан түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Мұның экологиялық ахуалды қалпына келтіруге де оң әсері бар. Осыған орай біздің елімізде де қауіптің алдын алу шаралары жасалуда. Айталық, Арал теңізінде пілмай балығы мүлдем жойылып кеткен. Қазір елімізде бекіре тұқымдас балық түрлері ерекше қорғалады. Олар «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Иә, бүгінгі медицина балықтың адам денсаулығына қажетті дәрумендерге бай екенін жиі айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әр адам жылына кемінде 16 келі балық өнімдерін тұтынуы тиіс деп есептесе, Қазақ­станда бұл көрсеткіш 4 келіге де жетпейді екен. Ендеше, әлі де балық өнімдерін көбейтумен қатар, оның адам ағзасына тигізер пайдасын насихаттау жағын ойластырғанымыз ләзім. «Қазақ пен қасқыр бір. Екеуі де етті жақсы көреді» дейтін қандастарымыз дастарқанына бір мезгіл балық өнімдерін де қойып отырса, дұрыс болар еді.
С.ОЛЖАБАЙ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жетекші саланың жүгі ауыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Экономиканы әртараптандыруда түйткілді мәселелер аз емес

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
196
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
156
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.