Енді келеңсіздіктерге нүкте қойылады деп сенеміз — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді келеңсіздіктерге нүкте қойылады деп сенеміз

23.10.2023
Жаңалықтар
0
Енді келеңсіздіктерге нүкте қойылады деп сенеміз

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Расында да, әрбір істің сапалы болуы қалай аяқталғанынан  емес, қалай басталғанынан байқалады. Биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдау да халықтың қызығушылығын тудырды. Мұның негізі себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қай Жолдауы да нақтылығымен ерекшеленеді. Көзімізбен көріп отырғанымыз, қадірі қашқан мұғалімдік кәсіп абыройлы бола бастады. Жалақылары ауыз толтырып айтарлықтай көтерілген соң, бұл мамандықты таңдайтын жастардың, әсіресе, ер балалардың саны артты.
«Еститін мемлекет» тұжырымдамасының да елімізде сәтті жүзеге асырылып жатқандығын бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп-біліп отырмыз. Сарыағаш ауданы әкімінің бастамасымен әлеуметтік желіде «Өзекті мәселелер» деген арнайы чат ашылып, оған барлық қоғам белсенділері, блогерлер, мемлекеттік қызметкерлер тіркелген. Аудан көлемінде күнделікті туындаған мәселелер осы алаңға шығарылып, тиісті мамандар  оны орындау жолдары мен мерзімін айтады немесе орындалғаны жөнінде бейнекөрініс арқылы мағлұмат беріп отырады. Әрине, бастапқыда тәжірибенің аздығынан түсінбеушіліктер болған шығар. Шүкір, бүгінде чаттың барлық мүшелері тәжірибе жинақтап, проблеманың маңыздылығына баса назар аударып, әрекет етуде. Ал, аудан әкімі көтерілген мәселелерді зерделеп, мерзімінде орындалуын  қадағалап, қол астындағы қызметкерлерді «қамшылап» отырады. Бұл жұмыс 24/7  форматында жүргізіледі десек қателеспейміз.
Екінші ерекшелігі, бұл Жолдаудың экономикалық бағытқа арналып, елімізде қордаланған көп проблемалардың бетін ашып, оны жою жолдарын айқындап беруі дер едік. Жасыратыны жоқ, Қазақстандағы  өндіріс орындарының негізгі бөлігі жойылып кетті немесе тоқтап тұр. Бір ғана Сарыағаш ауданында табысты жұмыс істеп тұрған керамзит қиыршығын өндіретін зауыт, тоқыма өнімдерін шығаратын фабрика, сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын, мақта талшықтарын өңдейтін зауыттар жұмыстарын тоқтатты. Керек десеңіз, ондай өндіріс орындарының болғандығы көпшіліктің есінен де шығып кетті. Ал, кезінде бұл өндіріс орындарының даңқы Одаққа мәлім еді.
Биылғы Жолдау кез келген шикізатты тереңдетіп өңдеуге, жаңа, озық технологияларды  кеңінен пайдалануға бағыт береді. Сала министрлігінің ұсынысымен астықты шетелге сол күйінде, өңдемей-ақ шығаруға рұқсат берілген соң қаншама диірмендер шикізатсыз қаңырап, бос қалды. Бұдан кім  ұтты, кім ұтылды? Әрине, біз ұтылдық. Астығымызды сатып алған шет мемлекет, біріншіден, біздің өте сапалы бидайымызды иеленді, екіншіден, бидайды ұнға айналдырғанда шығатын 22% кебек пен әртүрлі қоспалардан тұратын жемге ие болды. Ал, біз  сапалы бидайымызды беріп, орнына сапасы төмен ұн аламыз. Әрі мал шаруашылығына өте қажетті 22% жемнен айырыламыз. Бұл дегеніміз, егер ең кем дегенде 5 млн. тонна бидай экспорттасақ,  (5 000 000х0,22  = 1 100 000) ол 1,1 млн. тонна жемді құрайды.
Оның үстіне қаншама мыңдаған жұмыс орны жабылып қалды. Бұл – соншама отбасы нәпақасыз қалды деген сөз. Ең өкініштісі, маманға сұраныс жоқтығынан Алматының технологиялық университеті «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы» кафедрасын жауып тастаған көрінеді. Ал, білікті маман даярлау бір-екі жылдың жұмысы емес. Міне, енді осы тәріздес олқылықтардың орны толатын кез келген сияқты. Біз осыған сенеміз.
М.СҮЛЕЙМЕНОВ,
Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АӘК алушылар азайып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жұмыс жоқ емес, бар!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.