Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, жергілікті атқарушы органдар алдына қойған міндеттері мен облыс, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалар негізінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, тұрғылықты халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын көтеру мақсатында аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, көше комитет төрағалары және қоғамдастық өкілдерімен бірлесе бірқатар жұмыстарды атқарып келеді.
Манкент ауылдық округі 2 елді мекеннен тұрады: Манкент және Аққала елді мекендері. Жалпы ауылдық округте 6058 аулада 35367 тұрғын, 25 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналысады.
Манкент ауылдық округі бюджетінің кірістер жоспары 2023 жылға 9 айға жоспар 225,3 млн. теңгеге ұлғайып, 9 айда орындалғаны 226,7 млн. теңге, яғни 100,6 пайызға орындалды.
Оның ішінде, жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан 112,1 млн. теңге, кәсіпкерлік нысандарға арналған жер телімдерін сатудан 68,3млн. теңге, жеке табыс салығынан 42,7 млн. теңге, жеке тұлғалардың жер және мүлік салығынан 2,9 млн. теңге жергілікті бюджетке түсті.
Биыл инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгеге жоспарланып, 2023 жылдың 9 айында ауылдық округ аумағына 2 млрд.теңгеден астам бюджеттік емес негізгі капиталға бағытталған инвестиция тартылды.
Атап айтқанда, 1 спорт кешені, 3 сауда үйі, 1 медициналық орталық, 1 автокөлік жуатын орын, 1 халыққа қызмет көрсететін орын және шағын кәсіпкерлік субъектілері (дүкен, кафе) құрылыстары жүргізіліп, тұрғындардың пайдалануына берілді.
Одан бөлек,жыл аяғына дейін сүт өнімдерін өндіретін 2 кәсіпорын, 1 автокөлік жуатын орын, 5 сауда орталығы және 2 дәмхананың құрылысы жүргізіліп, іске қосылу жоспарланған. Аталған инвестицияны тарту арқылы әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 100 тұрақты жұмыс орнын ашу тапсырмасы бойынша 350 жаңа жұмыс орындары ашылып, тапсырма 108,7 пайызға орындалған.
Ауылдық округте халықпен кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-өтініштеріне сәйкес, ауыл бюджетіне түскен қаржы есебінен төмендегі жұмыстар атқарылды:
1. Ауылдық округ аумағындағы Р.Ташев, И.Ергешов, Алматы-2, Айнабұлақ, Сайрам-1, Қарауыл-төбе-2, Х.Ғұламов, Абдураимов, Әл-Фараби, Ұлықбек-3, Айнабұлақ-Қарауылтөбе, Әбдіқадиров-1, Алматы көшелеріндегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру жұмыста;
2. Айнабұлақ көшесіне трансформатор (КТПН-160) орнату жұмыстары;
3. Әл-Фараби көшесіне трансформатор (КТПН-160) орнату жұмыстары;
4. Сайрам-1 көшесіне трансформатор (КТПН-250) орнату жұмыстары;
5. Әбдіқадыров көшесіне жарықтандыру бағаналары орнатылды.
6. Қарауылтөбе және Әл-Харезми көшелеріндегі жаңақұрылыс аумағындағы жолдарға тас төсеу жұмыстары;.
7. Манкент және Аққала елді мекендерінің атауын, ауыл белгісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары;
8. Ұлықбек көшесіне жасанды жол кедергісі және жол белгісін орнату жұмыстары; 9.Аққала елді мекеніндегі жарықтандыруларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 10. Сайрам-4 көшесіндегі тозығы жеткен ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
11. Сайрам тұйық-5 көшесіне жарықтандырулар;
12. Н.Юлдашев көшесіне жарықтандырулар орнатылды.
Аудандық маңызы бар «Ақсу-Манкент-Жібек жолы» автомобиль жолымен (13 шақырым, сметалық құны 1 млрд. 547 млн. теңге) Құрбаналиев көшесінің жолына (5 шақырым, сметалық құны 560 млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары «Шымкент Дор Строй» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары өтпелі болып, 2024 жылда аяқталады, бүгінгі таңда 70 пайыз жұмыстар атқарылды.
«Айнабұлақ» мектебіне жаңа 600 орындық ғимарат құрылысы жұмыстары «Шымкент Строй РК» мекемесі тарапынан 2022 жылда басталған, сметалық құны 1 млрд. 418 млн. теңге. Құрылыс жұмыстары өтпелі болып, нысанды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Алматы көшесі Жетітөбе аумағындағы 200 ден астам тұрғын үйлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тереңдігі 150 метр су ұңғымасы қазылып, 42 тонналық су мұнарасы орнатылып, тапсырысқа берілді.
Айнабұлақ-Сайрам жолы көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату жұмыстары жүргізілді.
Алматы-Ұлықбек көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылды. 2008-2009 жылдар аралығында қазылған ауыз су ұңғымасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі меншігінде. Бүгінгі таңда су лай болып шығуына байланысты ауыз су ұңғымасын қазу жұмыстарына 34,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттама дайындалып, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан конкурс өткізілді. Жеңімпаз мекеме «ЕгеменСтройСервис» ЖШС мекемесі тарапынан су ұңғымасын қазу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысына 0,45 гектар жер телімі қарастырылған. Қазір амбулатория құры-лысы «Ұлттық жоба» бағдарламасына енгізіліп, облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттама дайындауға 8,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, жсқ дайындалуда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады.
Бірлік көшесі бойындағы тозығы жеткен ауыз су ұңғымасының орнына жаңадан ауыз су ұңғымасын қазып іске қосу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Sadaka Bereke» қайырымдылық қоры тарапынан 210 метр тереңдікте ауыз су ұңғымасы қазылып,10 млн. 300 мың теңге қаражат жұмсалды. Су ұңғымасы Бірлік және Ергешов көшесіндегі 400-ден астам тұрғын үйлерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Демеушілер тарапынан 15 млн. теңгеге Сайрам көшесіндегі «Шамат баба» мешіті ғимаратының құрылысы атқарылды.
Аққала елді мекеніне көпір салу жұмыстары жүргізілді.
Алматы-Ұлықбек көшелерінің қиылысындағы жолдың тарлығынан автокөліктердің жүрісіне кедергі келтіріп жатқан жерлерді демеушілер тарапынан кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Сайрам көшесінің кіреберіс жері кеңейтіліп, қоршау жұмыстары жүргізілді.
Бірлік және Қайырағаш көшелеріндегі су тасқыны қаупі бар арықтарға бетондау жұмыстары жүргізіліп, мешіт және кәсіпкерлік нысандардың төңірегі асфальтталды.
Жаңа шаһар, Жалал ата, Әбдіғаппаров, Қайрағаш, Паршаап, И.Ергешов көшелеріндегі тозығы жеткен асфальт жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық округ бойынша жайылымдық жерлердің жалпы көлемі 793 га құрайды. Мемлекет меншігіне ортақ пайдалануға қайтарылған жайылым жерлер көлемі — 563 гектар. Оның ішінде 180 гектар жер телімі ауданның арнайы жер қорындағы жерлер.
Жайылым жер иелерімен меморандумға келісімге келіп, ортақ пайдалануға берілгені – 74,34 гектар.
Мемлекет меншігіне сот тәртібі арқылы қайтаруға дайындалып жатқан жайылым жерлердің көлемі-66,92 га. Сонымен қатар, 107 га жайылым жерді қайтару бойынша аудан әкімінің қаулысы дайындалуда.
Манкент ауылдық округінің аумағы 10359 гектар жерді құрайды. Оның ішінде 3 727 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер, тәлімі жерлер — 2571 га,793 гектар жайылым жерлер. Суармалы жерлер 1156га жерді құрап, 100 пайыз игерілген. Жылыжайлар көлемі 1,47 га. 10,5 гектарда тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Бір алқаптан 2-3 өнім алу әдісі 27 гектарда қолға алынған. Ауылдық округте 4 ауыл шаруашылық кооперативімен бірге 1098 шаруа қожалықтары жұмыс атқаруда.
Бүгінгі таңда ауылдық округ аумағында 30 мал бордақылау фермаларында және шағын мал бордақылау алаңшаларында жалпы 14400 ірі қара мал бордақылануда. Фермерлер тарапынан 3500 тонна ет, 2023 жылдың 9 айында 2800 тонна ет Шымкент, Алматы, Астана және еліміздің басқа облыс-тарына жет-
кізіп берілді. (Нурум-груп, Ет-Агро Манкент, ИП «Камилов И.», ИП «Эгамбердиев К.», ИП «Абдуллаев З»)
Сонымен қатар, 15 азамат өз аулаларынан сүт жинау бекеттерін ашып, ауылдардан жиналаған сүтті қайта өңдеу цехтарына және қала тұрғындарын қамтумен айналысады.
«Рассвет» ӨК және «Дауыт мастер» ЖШС, «Тұран Агро Ет-Сүт» кәсіпорындары тәулігіне 15 тоннаға дейін сүт өнімін қайта өңдейді.
Қазір Манкент ауылдық округі тұрғындарын «Сайрам-тазалық» мекемесі ауыз сумен қамтамасыз етуде. Манкент ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2011-2019 жылдар аралығында елді мекен аумағында ауыз-су құбырларын қайта қалпына келтіру және кеңейту жұмыстарының 2 кезеңі өткен (2011-2013 жж, 2017-2019 жж). Ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары мердігер «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-сі тарапынан жүргізіліп, 2 млрд. 957 млн тң қаржы жұмсалған. Барлығы 394 шақырым жерге ауыз су құбырлары жүргізіліп, 5938 абонент ауыз суға қосылған.
Ауылдық округ аумағындағы 1098 шаруа қожалықтарын ағын сумен Сай, Соқақ, Кент, Лакалай және Аққала каналдары қамтамасыз етеді.
«Жоғарғы Аққала» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындау үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан конкурс жарияланып, ЖСҚ дайындауға 7,9 млн. теңге қаржы қарастырылды.
Жөндеу жұмыстары келесі 2024 жылға жоспарға енгізілген. «Жоғарғы Аққала» каналының 1,5 шақырым жерін бетондау жұмыстары жүргізілгеннен кейін каналдың өткізу қабілеттілігі 60% ға артып, 216 шаруа қожалығының 225 гектар жеріне шығынсыз ағын су жеткізіледі.
Шілде-тамыз айынан бастап ағын судың азаюына байланысты «Сайрам аудандық су шаруашылығы» МКК-сі тарапынан ағын суды шаруа қожалықтарына кестеге сәйкес кезекпен беру жұмыстары жүргізіледі.
Манкент ауылдық округі аумағында орналасқан елді мекендерге «Манкент» тұтыну кооперативі ауыл тұрғындарымен және мекемелермен келісімшартқа тұрып, ретсіз және ретті күл-қоқыстарды шығаруда. Қазіргі таңда 4800-ға жуық абонентпен келісімшарт түзіліп, қызмет көрсетілуде.
Ауылдық округ аумағындағы елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бойынша сенбі күндері сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Тазалық жұмыстарын қолға алу мақсатында мекеме басшылары, көше комитетінің төрағалары, тұрғындар және кәсіпкерлермен бірлесіп, жұмыстар атқарылды.
Облыстық және аудандық маңызы бар Айнабұлақ және Алматы көшелеріндегі қызыл сызыққа қойылған 5 дүңгіршек, 1 қалқа (навес) алынып, жол бойындағы шлакоблок сату нүктелері ретке келтірілуде.
Ауыл әкімшілігі тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне ретке келтіру бойынша ескерту қағаздары таратылып, алдағы уақытта ретке келтірілмеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді.
Манкент ауылдық округі бойынша 175 отбасы «Атаулы әлеуметтік көмек» жәрдемақысына құжаттарын тапсырып, қаржыларын алып, өз кәсіптері бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Тұрақты жұмыс орындарымен 515 адам қамтылып, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек» жәрдемақысы аясында 78 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Қамқорлық» бағдарламасына енген 13 тұрмысы төмен отбасыға және 40-тан астам аз қамтылған отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлікпен, киім-кешек, спорттық киімдер және оқу құралдарымен қамтылды.
А.Сайтмұратов,
Манкент ауылдық округінің әкімі.