Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің жұмысына мониторинг, даму жоспары және ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан басшысы Арман Абдуллаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының І орынбасары Ә.Сапарбеков, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған “әкелер мектебінің” мүшелері, білім саласының өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиын басталмас бұрын, Мәдениет үйінің фоесінде білім және мәдениет салаларында жеткен жетістіктеріннен сыр шерткен көрмені аудан тұрғындары тамашалады.
Келелі кездесуде:
— Әкелер мектебін құрудағы басты мақсат – отбасының құндылықтарын сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру болып табылады. Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыра отырып, балаларын ұлттық рухта әдет-ғұрыпты,салт дәстүрді, насихаттап тәрбиелеу керектігін,- дей келе әкелердің отбасыда алар орнымен, қоғамдағы бала тәрбиесіндегі орны жайлы кеңінен тарқата атап өтті аудан басшысы Арман Абдуллаев.
Көшпелі семинарда Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының І орынбасары Ә.Сапарбеков облысымызда қолға алынған жобаның тиімділігін және атқарылған іс-шараларды баяндап өтті.
Көшпелі семинар ауданның өнерлі отбасылары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.