БІРТҰТАС ҰЛТ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

БІРТҰТАС ҰЛТ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ

10.11.2023
Қоғам
0
БІРТҰТАС ҰЛТ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ

READ ALSO

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

Бүгінде қай елде, қандай қоғамда болмасын діни тұрақтылықты сақтау – өте өзекті мәселе. Толерантты, зайырлы қоғам қалыптастыру оңай емес. Бұл тарапта Қазақстанда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр: әлемдік дәстүрлі діндер съезін өткізу, дін саласындағы заңнаманы жетілдіру, халықты діни мәселелер бойынша толыққанды ақпараттандыру сынды. Жыл сайын 18 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі.
Бүгін осы атаулы датаға орай Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас ұлт және зайырлы қоғам» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске ауыл округ әкімдері, діни қызметкерлер, мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы шақырылған.
Семинар-кеңесті аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақаділ Сатыбалды жүргізіп отырды. Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығының теологы Айбек Жолдасбекұлы Тағайдың лекциясымен түрілді. Теолог жасөспірімдер мен жастарды деструктивті діни ағым торына түсуден сақтау жолдарына кеңінен тоқталды.
Дінтанушының сөзін жандандырған Сайрам ауданының Бас имамы Арыстан Оразалыұлы әр халық өзінің тілін, дінін, салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын сақтай алса ғана өмір бәйгесінде оза алатынын айтты. «Ата мен ананың басты міндеті – баланың діни танымын қалыптастыру. Әр азамат ұясынан ұшып шыққанда өз пайымы болуы тиіс. Жас адамның жат ағымның жетегіне кетуі – дін туралы дұрыс ұғымының болмауынан» деді.
Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Болатұлы Сатыбалды семинар-кеңесті қорытып, елдегі қоғамдық және діни тұрақтылықтың маңыздылығын, оны сақтауда дін қызметкерлерінің ролі зор екендігін, ал білім беру ұйымдары әрбір тұлғаның бойында толеранттылық қасиеттерін қалыптастыратын іргелі институт бола білу керектігін баса атап өтті. Семинар-кеңеске қатысушыларды Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етуде, түрлі діни ұйымдардың құйтырқы идеологиясына қарсы тұруда, зайырлы қоғам принциптерін ұлықтауда аянбай еңбек етуге шақырды.
Семинар-кеңес соңында аудандағы діни тұрақтылықтың нығаюына үлес қосқан бірқатар мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мешіт имамдарына аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕСТЕ ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТАЙҚАЗАННЫҢ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛҒАНЫНА 34 ЖЫЛ!

Оқи отырыңызМақалалар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
10
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

10.09.2025
3
ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

10.09.2025
2
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»
Қоғам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

10.09.2025
2
Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар
Қоғам

Балалардың денсаулығын қорғау жолдары: эпидемияға қарсы кешенді шаралар

21.08.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.