МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ — Төрттаған
Четверг, 16 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

04.11.2023
Қоғам
0
МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

День открытых дверей ЕНПФ: цифровые сервисы, финансовая безопасность и защита персональных данных

25 қазан — Республика күніне орай Мақтаарал ауданында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада аудан әкімі міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков ту көтеріп, еліміздің Әнұраны шырқалып, барлық мемлекеттік қызметшілер туға қарап сап түзеді.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Бұдан соң сахна төріне көтерілген Бейсенбай Тасболатұлы барша аудан тұрғындарын Ұлттық мерекемен құттықтады.
«Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз — Қазақстан. Қазақ халқы өзінің болашағы мен балаларының тағдырын сонымен ғана байланыстырады. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты сезініп, игі істердің ұйытқысы бола берсін демекпіз. Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, жерлестер!» — деді, аудан әкімі м.у.а.
Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық тақырыпта әндер шырқап, мерекенің көркін қыздырды.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастау алған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр.
Соынмен бірге Мақтаарал ауданы әкімінің м.у.а. Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы тұрғындарды мерекесімен құттықтады.
«Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді жерлестер! Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
13 жыл аталмай келіп, 2022 жылдан бастап қайта тойлау қолға алынған Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтып оралды. Мерекені қайтаруды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынды.
Бұл жөнінде Президент: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның 25-і күні жыл сайын Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын», деген болатын.
Ұлттық мереке – бұл туған жерін, Отанын сүйетін әрбір қазақстандық үшін ұлық күн.
ҚР Президенті Жолдауларында берілген міндеттерді іске асыру аясында ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. Атқарылған іс аз емес, ел экономикасын, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, мәдениетін дамыта түсу жолында білек сыбана отырып татулықтың арқасында аянбай еңбек ете беруіміз керек.
Алдымызда әлі де атқарылар істер мен міндеттер тұр. Халық болып бірігіп татулықты ту етіп жұмыс атқарсақ, алда біз алар асулар мен биік мақсаттарға жетеміз деп сенеміз.
Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз — Қазақстан. Қазақ халқы өзінің болашағымен балаларының тағдырын сонымен ғана байланыстырады. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты сезініп, игі істердің ұйытқысы бола берсін демекпіз.
Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын, жерлестер!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕСТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІНІҢ ҚОС ТОМДЫҒЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

03.07.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

День открытых дверей ЕНПФ: цифровые сервисы, финансовая безопасность и защита персональных данных

23.06.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау

23.06.2026
7
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
12
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
7
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
8

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.