РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ МЕНІҢ! — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ МЕНІҢ!

04.11.2023
Жаңалықтар
0
РЕСПУБЛИКАМ — МАҚТАНЫШЫМ МЕНІҢ!

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы арнайы жарлықпен алынып тасталған болатын. Ал 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтілуде. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болды.
Ұлттық мереке кезінде мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізілу міндеттелген. Осыған орай, Сауран ауданында айтулы мереке жоғары деңгейде тойланды. Қазақ аттың қомында жүріп ел қорғаған. Салтын түгендеген. Дәстүрін қалыптастырған. Мерекелік шараны он бес атқа мінген азамат рәміздер шеруімен бастады. Жастар көк туды көкке көтеріп сап түзеді. Ту төрге озды. Әнұранды аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жанды дауыста хормен орындады. Ұрпақтар сабақтастығы мерекелік шарада осылай сипат алды. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
-Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді бүгінгі 25- қазан Республика күнімен құттықтаймын! Республика күні — бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт. Сан ғасырлар бойы тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерген қазақ елінің бүгін де белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Ауданымыз дамудың даңғыл жолына түсті. Жаңа жолдар салынып, құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Тұрғындар өзін жұмыспен қамтып, шағын және орта бизнес өркен жайып келеді. Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасы,-деді Ербол Ұласбекұлы.
Жиын барысында ауданға сүбелі еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды. Патриоттық әндер шырқалып, жас өрендер туған ел туралы өлеңдер оқыды. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке ретінде тойлануы тиіс деген көптің тілегімен мерекелік шара қорытыланды.
Сонымен бірге, Сауран ауданы әкімдігі аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
«ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті Сауран ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 25 қазан Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылы өткен Қазақ ССР-нің Президентінің сайлауы Алаш жұртының тағдырына түбегейлі өзгеріс енгізді десек қателеспейміз. Яғни, 1991 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданса, сол жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әлем картасында Тәуелсіз ел ретінде орын алған болатын.
Мемлекет басшысының пәрменімен 2 жыл бұрын Сауран ауданы құрылды. Тарихи топырақта бой көтерген Сауран ауданы құрылғаннан осы уақытқа дейін ауданның атқарған жұмыстары көңіл қуантарлық. Динамикалық өсу бағамы, қарқынды жұмыстар көрініп келеді. Мәселен, ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты салалардың бірі ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып келеді.
Ел тәуелсіздігінің 32 жылында ел бірлігінің арқасында бүгінгідей үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Ендігі мәселе бізді осы күнге дейін жеткізген татулығымызды одан әрі нығайта түсуіміз керек. Кең байтақ елімізде баршамызды біріктіретін ортақ ерекшеліктеріміз бар. Ол — біздің тарихымыз, мәдени мұрамыз бен мемлекеттік тіліміз. Сондықтан әрқайсымыз осындай мемлекетте ынтымақпен күн кешіп жатқандығымызды мақтанышпен айтуымыз керек. Және де баршамыз болашақ жастарымызға ел бірлігін насихаттай отырып, олардың бойларындағы патриоттық сезімін арттыруға атсалысуымыз қажет.
Құрметті саурандықтар, Сіздерді мерейлі ұлттық республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, әрбіріңіздің шаңырақтарыңызда шаттық орнап, қызметтеріңіз жемісті, денсаулықтарыңыз мықты болуына тілектестігімізді білдіреміз!», делінген құттықтауда.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МАҚТААРАЛДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.