Бәйдібек ауданының орталығында Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.
Алдымен Әнұран шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, ардагерлер, жастар және Шаян ауылының тұрғындары қатысты.
Жиналғандарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, аудандағы «Елге қызмет – ерге міндет» қайырымды жандар тобының жетекшісі Ұлан Айтымбетов құттықтады.
Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, патриоттық рухтағы әндер орындалды.
Ал, ауданы орталығы Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында 25 қазан — Республика күні аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков қатысып, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарына құрмет көрсетілді.
— Құрметті жерлестер! Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Өткен жылмен қоса алғанда биыл егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде екінші жыл атап өтудеміз. Егемендігіміз мәңгі болып, бірлігіміз нығая берсін. Еліміздің әлеуметтік-экономикасы қарыштап дамып, ел игілігі жолында жасап жатқан істеріңізге әрдайым сәттілік тілеймін! Отанымыз қазақ елінің тұғыры мәңгі биік болсын! Бүгінгі мерекеде әр отбасыға бірлік пен береке, бақыт пен қуаныш тілеймін, — деді Берік Нұрғалиұлы.
Шарада өзінің мерекелік лебізін білдірген аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан Республика күні ұлттық мерекесіне орай бірқатар азаматтарды аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.
Мерекелік іс шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен О.Тайманов атындағы саз мектебі ұжымының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады. Спорттық ойындардың ішіндегі гір тасын көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес сынды сайыстар өтті.
Сонымен қатар алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмен бағада саудаланды.
Сонымен бірге бәйдібектіктерге аудан басшылығы мерекелік құттықтауларын жолдады.
Берік Тұрлыбеков, Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы. Асқар Кенехан, Бәйдібек аудандық мәслихат хатшысы:
«Республика күні құтты болсын! Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды Ұлттық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16-маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Өткен жылмен қоса алғанда биыл егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде екінші жыл атап өтудеміз. 1990 жылы 25-қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды. Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл өткен ғасырдағы бабаларымыздың жеңісі, жемісі.
Еліміз жыл өткен сайын қарыштап дамып келеді. Түрлі тың бастамалар қолға алынып, әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жүзеге асуда. Тәуелсіздік алған жылдардан бері берекелі Бәйдібек ауданында да ауқымды істер атқарылуда. Елді мекендерді газдандыру мен таза ауыз сумен қамту, инфрақұрылымды жақсарту, білім ошақтарын жаңарту, сапалы электр энергиямен қамту және басқа да өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұған біз егемендігіміздің арқасында өздеріңіздің қолдауларыңызбен, елдегі ынтымақ пен бірліктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Ауданымызда атқарылып жатқан әрбір нәтижелі істерде әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бар.
Қадірлі жерлестер!
Егемендігіміз мәңгі болып, бірлігіміз нығая берсін. Еліміздің әлеуметтік-экономикасы қарыштап дамып, ел игілігі жолында жасап жатқан істеріңізге әрдайым сәттілік тілеймін! Отанымыз Қазақ елінің тұғыры мәңгі биік болсын! Бүгінгі мерекеде әр отбасыға бірлік пен береке, бақыт пен қуаныш тілеймін!
Мереке құтты болсын!».
Мәди Байтелиев, Бәйдібек ауданының прокуроры:
«Еліміздегі ең басты мереке! Құрметті жерлестер!
Еліміздегі ең басты мереке – Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын!
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің №307-ХІІ Қаулысымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16-маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде:
«Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні (жыл сайын) Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деп, осы атаулы күннің мәртебесін айқындауға өзінің ұсынысын білдірген болатын.
Осы ұсыныстан кейін былтырғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал «Тәуелсіздік күні» яғни, 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды. Бұл — тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту маңызды қадам болып табылады.
Құрметті бәйдібектіктер!
Баршаңызды Республика күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, үлкен жеңістер мен биік жетістіктер тілеймін!», делінген құттықтауларда.