ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ — Төрттаған
Суббота, 14 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

23.10.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндеттерген жүктеген болатын.

Түркістан облысында қысқы және көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Бұл мәселе бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейте түсуді, тапсырмаларды уақтылы орындауды тапсырды.
– Былтыр ұйымдастырылған жедел әрекеттер нәтижесінде көптеген елді мекенде су басу қаупінің алдын ала білдік. Бірақ кейбір аудандарда кемшіліктер байқалды. Биыл олқылыққа мүлдем жол берілмей, жағдай былтырғыдан жақсы болуы тиіс. Су басу қаупі бар арықтар мен каналдар түгел тазартылып, ауылдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілсін. Су тасқынының алдын алу бойынша 24 іс-шара түгел орындалуы керек. Аудан, қала әкімдеріне үш апта уақыт беремін. Мәселені түбегейлі шешіп, қауіпсіздікті нығайтыңыздар. Әкімдіктер, Төтенше жағдай департаменті, «Тұран су» мекемесі жұмысты бірлесе атқарғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешовтің айтуынша, Сауран ауданында су басқан 5 елді мекенде 4,6 шақырым қашыртқы қазылып, 2 жерге қашырты құбырлар орнатылды. Бәйдібек ауданында 5,2 млн. теңге қаралып, су басқан елді мекендерде 3 шақырым қашыртқы арна қазылып, Шақпақ елді мекенінде тасқын суды бұратын 3 дана тоспа қойылды. Кентау қаласы Қарнақ елді мекенінде 1 шақырым арық, 1,3 шақырым Ырмақ өзені, 800 метр ішкі каналдардың арнасы қоқыстан тазартылған. Ордабасы ауданында 21,8 шақырым қашыртқы арналар тазартылып, 11,1 шақырым каналардар механикалық тазартудан өткізілді. Сонымен қатар Түркістан, Арыс қаласы мен Сайрам, Ордабасы, Мақтарал, Сауран, Төлеби, Сарыағаш аудандарында су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүруде.
«Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес қараша айында облыстың солтүстік және оңтүстік аумағында жауын-шашынның түсуі нормадан жоғары болуы мүмкін. Сондықтан жоспарланған іс-шаралар қайта пысықталып, тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізілмек.
Министрлікпен бекітілген жол картасы аясында 18,2 шақырым арнаға түзету, жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп, 17 497 м3 қой тасы орнатылды. 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бойынша 20 іс-шараның 11-і толығымен аяқталып, 6-уы бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қалған 3 іс-шараны қазан айының екінші жартысында бастау жоспарланған. Жыл соңына дейін 19-ы аяқталып, 1 іс-шара («Қараспан» су торабы) ауқымдылығына байланысты келесі жылы жүзеге аспақ.

 

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
199

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.