Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдауда көп түйткілді мәселенің шешімі айқын көрініс тапқан. Әділетті қоғамның басты белгісі – әділетті тұрғындар. Жаңа Қазақстанның дамуы ең әуелі әр азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпаған жөн.
-«Ceragem» – медициналық техникаларды шығарушы үлкен компания. Бұл компанияның өнімдері мен техникалары қазіргі таңда әлемнің 150 елінің медицинасында қолданысқа енген. Ал, біздің Қазақстанға бұл өнімдер 2007 жылдан бастап келген. Түркістан облысына 2009 жылдан бері таныстырылып келеді. Компанияның кез-келген өнімін алсаңыз, құрылғыларын қолдансаңыз сіздің денсаулығыңызға зор пайда. Өйткені, іште сіз көрген массаж жасаушы кереуеттер мен бойға жылу тарататын кереуеттер ең алдымен омыртқа арқылы емдейді. Сал ауруына шалдыққан, инфаркт алған науқастар осы массажды кереуеттің көмегімен аяққа тұрып, өздігінен қалыпқа келіп жатқандарын көзімізбен көрдік. Жапония мен кореяның бұл өнімдері қан қысымы жоғары адамдарға да үлкен көмек көрсетеді. Жалпы алғанда, тірек-қимыл, бронхы, жүрек-қан тамыр, қант диабенті, ас қорыту жүйелері, несеп-жыныс ауруларының барлығына пайдалы. Массаж қабылдау ұзақтығы 7-10 күн аралығын қамтиды. Шымкент қаласында орналасқан орталығымызға дәл осы Түлкібас өңірінен келушілер саны күн санап артуда. Жолдың ұзақтығын, келушілердің денсаулығын ескеріп, осындай пайдалы орталықтың кезекті филиалын осы жерден ашқанды жөн санадық. Жалпы, біздің компания жыл сайын көптеген қайырымдылық акцияларының өтуіне атсалысып келеді. Тек қана жеке мүддеміз үшін емес, қоғам үшін де сауапты іс жасауды құп көреміз. Қаншама жылғы тәжірибемізде көптеген адамдармен, тағдырлармен таныс болдық. Ұрпақ тәрибесі, аманаты- қазақ үшін өте маңызды екенін аңғардық. Жалпы, массажды кереуетіміз арқылы көп адамдар перзент сүйіп, ата-ана атану бақытына ие болып жатқанын көрдік. Мұның өзі де үлкен жетістік деп білемін. Қай айналымды реттеу арқылы кез-келген аурудың алдын алуға болатынын айтқым келеді,- дейді «Серагем» компаниясының оңтүстіктегі басшысы Александр Владимирович.
Омыртқаға кәсіби күтім жасау орталығының ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Жанесен, Майлыкент ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметов арнайы келіп, орталықтың мақсат-мүддесімен танысты. Аудан орталығында орналасқан компанияның кезекті филиалына қызығушылық танытқан азаматтар көп. Олар ашылу салтанатына келіп, компанияның өнімдерімен танысып, өз қажеттерін сұрастырып, массажды кереуеттерге жатып ем алуға кезекке тұрып, жазылды.
-Бұл дүние түсінген адамға өте пайдалы. Әсіресе буын ауруларына, цистит, простатит ауруларына, қан қысымы жоғары азаматтарға өте пайдалы. Зияны жоқ. Осы үшін ағылып Шымкент қаласына баратын едік. Міне, «іздегенге сұраған» демекші, қалауымызды қабыл алып, біздің ауылдан ашып, алдымызға алып келді. Қуанып отырмыз. Жұмыстары жандана берсін,- деп аудан тұрғындары тілектестігін жеткізді.
А.МӘМЕТ.