19 қазан — Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай күні кеше аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үлкен залында арнайы салтанатты кеш өтті.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері мен барша құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, белсенді еңбек етіп жүрген мамандарды аудан әкімдігі тарапынан арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
«Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі өте жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық — адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор» — деді, Алтын Күнтуқызы.
Салтанатты кеш барысында құтқарушылар жайлы арнайы фильм көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды.