ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 10 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

20.10.2023
Жаңалықтар
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 28 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, жедел әрекет ету қағидасы қалыптасты.
Бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Бұл жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Себебі сала мамандарының өз істерін абыроймен атқаруы құтқарылған адам өмірімен өлшенеді.
Осы орайда Отырар ауданында 19 қазан – Құтқарушылар күні салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерман Дайрабаев қатысып, аудан әкімі С.Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақовтың құттықтауын жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: — Қиын да қауіпті қызметтің салмағын алып жүрген сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көптеген міндеттер жүктеледі. Бүгінде сала қызметкерлері түрлі апатпен күресіп адам өмірін қорғап жүр. Осындай жүйенің құрылуына ардагерлеріміздің қосқан үлесі мен сіңірген еңбектері өлшеусіз. Осы орайда сала ардагерлеріне зор алғысымды білдіремін. Құрметті құтқарушылар қиындығы мол, мәртебесі биік қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, — деді.
Әнұранымыз асқақтаған тұста қолдарын жүректеріне қойып, тебіреніп тұрған бұл қызметкерлердің еңбегі ерен. Өйткені, олар адам өмірі қыл үстінде тұрған сын сағатта қол ұшын созып, әр түрлі жағдайларға душар болғандарды құтқарып, ажал аузынан арашалайды. Адам құтқаруды ерлік емес, азаматтық парызым деп білетін оларға бүгін барынша сый құрмет көрсетілді.
Еңбегімен ерекше көзге түскен, қызметтік міндеттерін адал атқарған, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік қызметкерлер аудан әкімінің, аудандық мәслихат төрағасының, Отырар ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жиын соңы аудандық мәдениет сарайы қызметкерлері ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БОЙЫНША АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАЛТАКӨЛ ЖӘНЕ МАЯҚҰМ АУЫЛ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
4
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
5
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ, ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

04.07.2026
4
ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

03.07.2026
4
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

03.07.2026
4
КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.