Шардара ауданында 25-қазан Республика күні мерекесі қарсаңында футбол алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді. Аталған алаң А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен, және Шардара аудандық мәслихат депутаты Алмасхан Жамбаевтың демеушілігімен салынған.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы футбол алаңының құрылысына атсалысты. Барлық талаптарға сай алаңның аумағы 20/40 шаршы метрді құрайды.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров арнайы қатысып, тұрғындарды алаңның ашылуымен құттықттады.
-Құрметті мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары баршаңызға жаңа спорт алаңшасы құтты болсын. Осы алаңның құрылысына атсалысып, демеушілік жасаған әрбір азаматқа алғыс білдіремін. Бұл нысан ең алдымен жастарымызға салауатты өмір салтын ұстануға мол септігін тигізері үшін сөзсіз.», — деді ол. Шара барысында бірқатар азаматтар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.