11 қазан күні Түркістан қаласында түркі мемлекеттері ұйымы туризм министрлерінің VIIІ отырысы және туризм жөніндегі жұмыс тобының XVIII отырысы өтеді. Отырыс аясында 12 қазан күні халықаралық туристік форум өткізу жоспарлануда. Онда Түркістанға «Түркі әлемінің туристік астанасы» арнайы статусы берілмек.
Форумның басты мақсаты — түркі әлемінің туристік астаналары арасында байланыс орнату және Түркістан қаласымен таныстыру.
Ауқымды жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, ҚР Туризм және спорт министрі, Түркістан облысының әкімі, түркі елдерінің туризмге қатысты министрліктерінің басшылары, ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, туризм саласы және қоғамдық қауымдастықтардың өкілдері қатысады деп күтілуде.