Төлеби ауданында «Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына» орай, орталық «Жастық» стадионында мекеме қызметкерлер арасында кіші футбол, гір тасын көтеру, арқан тарту спорт түрлерінен аудан біріншілігі өтті.
Мекеме қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен айналысуға шақыру, бұқаралық спорттық ойындарын кеңінен танытып, қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған спартакиадаға 12 команда қатысты.
Аудандағы мекеме қызметкерлері– елге қызмет ететін өз ісінің кәсіпқой маманы ғана емес, ең бірінші аудан азаматы. Мемлекет байлығы – адам және оның денсаулығы болғандықтан, қызметшілер өз денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы керек.
Жарыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Әсіресе футбол ерекше тартысты өтті. Нәтижесінде, кіші футболдан бірінші орынды «Спорт мектептері» командасы жеңіп алса, екінші орыннан «Энергопоток» командасы, үшінші орыннан «Аудандық білім бөлімі» көрінді.
Спорттың арқан тарту түрінен жүлделі бірінші орынға аудандық полиция бөлімі ие болып, екінші орын аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, үшінші орын Ленгір қаласы әкімі аппараты жеңіп алды.
Гір тасын көтеруден бірінші орынды Спорт мектебінен Әлжанов Жанғали, екінші орынды аудандық полиция бөлімінің қызметкері Пиялиев Бақыт, үшінші орынды аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкері Бегайдаров Жасұлан және аудандық мәдениет үйі командасынан Кендірбаев Асылзат алды.
Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды» Спорт мектептері» командасы иеленсе, 2-орынды «Аудандық полиция бөлімі» командасы, 3-орынды «Аудандық білім бөлімі» командасы алды.