КЕРЕЙТ ЕЛІ БАТЫР ҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КЕРЕЙТ ЕЛІ БАТЫР ҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАДЫ

Алмас Тоғызбаевты еске алу кеші өтті

05.11.2023
Жаңалықтар
0
КЕРЕЙТ ЕЛІ БАТЫР ҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түлкібас ауданы, Арыс ауылдық округіне қарасты Керейт ауылында батыр ұлының есімі ұлықталатын «Ерлікке тағзым» атты ауқымды еске алу кеші өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған кеш Керейт ауылының тумасы, ұлағатты ұстаз, спортшы, ТаулыҚарабақ соғысының батыры Алмас Тоғызбаевқа арналды.
1988-1992 жылдары Армения мен Әзірбайжан арасында болған ең ірі қақтығыс жер дауы үшін туындаған еді. Кеңес өкіметі жылдарында Таулы Қарабақ облысы автономиялық құрылым ретінде Әзірбайжан КСР-нің құрамында болды. Бірақ ондағы халықтың басым көпшілігі армяндар еді. Тарихи деректер осындай даудан басталған соғыстың біразға дейін шешімін таппағанын келтіреді. Белгілі статистикалық деректер қазақ жерінен 593 адамның дауға қатысқанын мәлімдейді. Сондай батырлықты өн бойына жиып, ұрыста өзіндік күш қуатын дәлелдеп, елге аман есен оралған батыр жауынгердің бірегейі Алмас Тоғызбаев еді.
Еске алу іс шарасының шымылдығы Алмас ағамыз елге оралған соң, хат танып, білім алған және алғашқы жұмысын бастаған О.Ағыбайұлы ЖОМ де түрілді. Қазақстанның түкпір түкпірінен келген майдандас достары мектеп аумағына келіп, Алмас Тоғызбаевқа арналған тақтайшаның ашылу салтанатын жасады. Тақтайшада жауынгер батырдың өмір жолы, еткен еңбегі мен жасаған игі істері жазылған. Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары потриоттық әндер шырқап, ұстаздары Алмас Тоғысбаев жайлы арнау өлеңдерін оқыды. Ардагер ұстаз Оразбек Дәулеталиев сөз сөйлеп, шәкірті әрі әріптесі Алмас Тоғызбаев жайлы жылы естеліктерімен бөлісті. Мектеп директоры Есенкүл Ағаділова да әріптесі жайлы өзіндік сыр шертіп, келген қонақтарға һәм іс шараның өтуіне мұрындық болған Алмас ағамыздың майдандас достарына риясыз алғысын жеткізді. Еске алу салтанатты шарасы әрмен қарай Керейт ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Онда аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған арнайы концерттік бағдарламалар қойылды. Жиынның алғы сөзін аудан әкімінің аппарат басшысы Фархат Байтуғанов алып, осындай тамаша берері мол тағылымы бөлек іс шараны ұйымдастырған жауынгерлерге шынайы алғысын білдірді. Достық қадірін біліп, ерлігін мойындаған, осы шараны ұйымдастырып, жер жерден қарабақ дауына қатысқан жауынгерлерді жиып, түлкібастың төріне шақырған Ерғали Рузимұлы мен Бахтияр Сейдаханұлына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Келесі сөзді «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Еркебаев Қуатбек алып, бұл шара мектеп мектепте жалғасын табуы керектігін ұсынып, барша батыр ағаларға рахметін білдірді.
Өнерпаздар зұлмат жылдардан көрініс қойып, потриоттық әндер шырқап, әзірбайжан биін билеп, керемет кештің өтуіне үлес қосты. Жиын барысында сөз алған Ерғали Рузимұлы мұндай шаралардың дәстүрлі түрде жалғасы жер жерде болатынын жеткізіп, аудан әкіміне, мектеп басшысына, Алмас ағамыздың жұбайына Алғыс хат табыстап, ерлігі үшін медальдарын кеуделеріне тақты. Алмас ағамыздың бауырлары ұйымдастырушылар алғыс айтып, бауырларын үлкен сағынышпен еске алып, жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ұйымдастырушыларға және бауырларының майдандас достарына шапан жауып, ризашылығын жеткізді. Жиынның соңы Қарабақ соғысының Гимнімен аяқталды.
А.Мәмет
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЧЕМПИОН КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІН ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ АРНАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚОНАҚ АЗ ОТЫРЫП–КӨП СЫНАЙДЫ немесе қонақ жай үйлері табыс көзі ме?

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.