1-қыркүйек күні Мемлекетіміздің Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын аяғына дейін толық тыңдап шықтым.
Жолдауда тоқталып өткен әрбір мәселе еліміздің даму процесінің болашаққа нық басқан берік қадамы екені анық. Бүгінде Президентіміздің бастамаларының басым көпшілігі жүзеге асып, бірқатар жұмыстары жалғасып жатыр.
Президентіміздің осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін шараларға тоқталып өтсем,
— 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті.
— Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді.
Тағы бір айрықша тоқталып өтетін жерім, Президентіміздің өзі қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшкені ұнады. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты деп ойлаймын және осы жұмыстардың орындалуына бар күшімізді саламыз. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажет.
Президентіміз алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұрғанын атап өтті.
Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасалуы керек екенін, ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екендігін, бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдалана алмай отырғанымызды атап өтті. Мемлекетіміздің басшысы айтқандай біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керектігін, бұл – нақты міндет екендігін, халықты өнім өңдеуге ынталандыру, салық саясатын қайта қарау қажет екендігіне тоқталды.
Жолдаудағы тағы бір ескере кететін жағдай, егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келгендігін және егіс түрлерін көбейтуіміз, сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар егуді, суды көп қажет ететін егіс алқаптарын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуден арылудың қажеттігін, диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды екенін, сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн екендігін айрықша атап айтты.
Президенттің жолдауын қолдай отырып, еліміздің жарқын болашағы үшін бірге қадам басып, келешегіміздің кемелденуі мен ұрпақтарымыздың бақытты өмір сүруі Сіз бен Бізге байланысты екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Кенехан Асқар Оразханұлы,
аудандық мәслихаттың төрағасы.