Бүгін Түркістан облысы ҚХА жанынан құрылған ақпараттық-насихат топ өкілдері Келес ауданында халықпен кездесті.
Келелі жиынға тек Келес ауданының ғана емес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарының тұрғындары жиналып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдаулардың тиімділігі туралы, сондай-ақ өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Басқосуға Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің бас маманы Жомарт Бердіхан, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нурипа Темірбекова, Келес аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің Жасақтау бөлімше бастығы Бекжан Садықов, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер мүшелері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар полиция қызметкерлеріне, әскери комиссариатқа сұрақтарын қойды. Халықты жұмыспен қамту, грант бөлу, жеңілдетілген несие беру, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі бойынша түсіндірме жасалды. Түркістан облысы ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұловтың Президент Жолдауында айтылған мәселелер мен “Ауыл аманаты”, «Жастар практикасы» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді күшейтудің қажеттігін айтты. Аталған бағдарламалар бойынша сауалдарға тиісті жауаптар берілді.
Келес ауданында өткен ақпараттық-насихат тобының кездесуін қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Эльмира Жанғазиева Президент тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды ауыл-аймақты аралай жүріп, халыққа түсіндірме жұмысын ширатудың өзектілігін айтты. Билік пен бұқараның ортақ басқосуы, ортақ іске жұмылуға негізделді.