А.СӘБИТОВ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

А.СӘБИТОВ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

26.09.2023
Жаңалықтар
0
А.СӘБИТОВ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын.
Экономиканың күре тамыры — кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Сайрам ауданында кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар аз емес.
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов аудан аумағында орналасқан кәсіптік нысандарды аралады.
Алдымен Ақсукент ауылында орналасқан отандық киім тігетін » Алтын адам» тігін фабрикасына кіріп, жұмыс барысымен танысты. 2013 жылы құрылған фабрика жылына 26 400 дана ерлер костюмін тігіп шығарады. 100 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер Балжан Халмұратова шикізатты Түркия мен Қытай елінен алып келетінін айтты. Дайын өнімдер Қазақстан, Қытай елдерінде саудаланады екен.
Бұдан соң аудан басшысы балалар жөргегін шығаратын » Ca Pable Gruup мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне аялдады.
Басшысы Бейімбет Жұмабекұлы Түркияның кәсіпкерлерімен бірлесіп, Ақсукент ауылынан Capable qroup атты бала жөргектерін шығаратын кәсіпорын ашқан. Бұндай жоба ауданда бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Күніне 180 мың жөргек шығаратын кәсіпорынның жұмысы бүгінде қарқынды. 2-ден 6-ға дейінгі өлшемдегі «Симбо бейби» және « Алтын бала» атты екі түрлі жөргек шығарады. Жөргекке оннан астам шикізат түрі қосылады екен. Бұндай шикізаттар мен жөргек өңдейтін технологиялар Түркия мен Америкадан жеткізілген.
Аудан әкімі А. Сәбитов өндіріске арналған киім және төсек-орын тігетін » АХБК» ЖШС-і тігін фабрикасының жұмысымен танысты. 2019 жылы құрылған бұл жобаның қуаттылығы жылына 1 млн. 100 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан басшысы келесі кездесуін 2006 жылы құрылған кабель шығаратын. » К. АZ. TEL. ЖШС-інде жалғастырды. Мұнда 46 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайын болған кабельдер Қазақстанның барлық аймағына және Қырғыстан еліне жеткізіледі.
Аудан басшысы А. Сәбитов құрғақ жем шығаратын жеке кәсіпкер «ЖК АБДУКАДИРОВ» зауытының жұмысымен танысты. Жоба құны жылына 80 мың тонна. Өнім Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандарына және Жамбыл, Солтүстік Қазақстанға жіберіледі. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕЛЕСТЕ ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
294
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
236
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.