ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

05.09.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанға Қытайдың Шаньдун провинциясынан делегация келді. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында ШҰАР мен Пекиннен кейінгі Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Бұл сапар Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр.
Қытай Халық Республикасы делегациясымен бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. CETRON Financial Holdings — Жібек жолының жаһандық экономикалық және сауда делегациясы Қытайдың мәдениет және туризм министрлігінің Қаржылық капиталы және Қытайдың мемлекеттік акционерлік әкімшілігінің кәсіпорны. Бұл – индустрияландыруға және жаңа энергетиканы, жаңа технологияларды, жаңа материалдарды, жоғары деңгейлі жабдықтарды, сондай-ақ трансшекаралық экономика мен сауданы көпөлшемді дамытуға маманданған кешенді өнеркәсіптік инвестициялық платформа.
– Бүгін бізде Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына қатысты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік туып отыр. Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі саналатын Түркістан облысы – еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Халық тығыз орналасқан біздің өңірімізде ауа-райы өте қолайлы, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Өңірімізде өндірісті дамытуға басымдық береміз. Түркістанда туризм саласын дамыту Мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі екендігін атап өткім келеді. Түркістан облысында бірнеше бағыттарда өңіраралық кооперацияны дамытуға болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай достығын, тату көршілік пен өзара сыйластықты нығайтуда жаңа табыстарға қол жеткізуде тығыз ынтымақтастықта. Барлық деңгейдегі тұрақты байланыстар екі елдің берік достығы мен берік қарым-қатынасының жарқын үлгісі болып табылады. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп сенеміз, – деді Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды.
Ең алдымен жеңіл өнеркәсіп саласында иірілген жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, пластикалық ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және т.б. пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісін дамытуға болады. Өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы. Онда дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады.
Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен саласында облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар құпталады. Түркістан облысында мақта өндірісінің жылдық көлемі 316 мың тоннаны құрайды. Өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу — басым бағыттардың бірі. Инвестициялар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм, және логистика салаларына бағытталды.
Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті. Атап айтқанда, мақта шаруашылығы және ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ баламалы энергетика және күн энергетикасы саласына басымдық берілген. Жаңа технология – желден электр энергиясын өндіру, күн сәулесі арқылы тоқ өндіру, жеңіл өнеркәсіп салаларына инвестиция құюға дайын.
2027 жылға дейін аймақ экономикасына 300-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру есебінен шамамен 6,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Қазақстан тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі қамтамасыз етілетін Еуразиялық экономикалық одақтың (халқы-200 млн.адам) мүшесі. Бұл тұста Түркістан облысында бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының ҚХР-мен тауар айналымы – 135 млн. АҚШ долл. (экспорт – 84 млн. АҚШ долл., импорт – 51 млн. АҚШ долл.).
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Г.ҚҰРМАНБЕКОВА АҚДАЛА ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» КӘСІП БАСТАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.