ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ АБИЛИТАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ АБИЛИТАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

16.08.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ АБИЛИТАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорттық кешенінде мүгедектігі бар адамдарды абилитациялауға арналған «Қайсар жандар» іс-шарасы өтті.
Жиында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшісі Досыбай Шерімқұлов, Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э.Бейсенова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар тапсырды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен «Шапағат» мүгедектер қайрымдылық қорының бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты да айрықша.
— Біздің іс-шара ұйымдастырудағы басты мақсатымыз қайсар жандарды көрсету арқылы қоғамдағы психологиялық күйзеліске түсіп қалған мүгедектігі бар азаматтарды шығармашылықпен немесе спортпен шұғылдануға және қоғамдық белсенді өмір сүруге тартуға бағытталады, – деді аталған қайырымдылық қордың төрағасы Еркінбай Керімбайұлы.
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша кеңейтілген шаралар қолға алынуда.
Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды оңалту шараларына қаралатын қаржы мөлшері артуда. Биыл бұл мақсатқа 10 млрд теңге бөлініп, ерекше жандардың 90%-н әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 38 618 техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды, яғни қажеттіліктің 79,8 пайызы қамтылды.
Атап өтетін маңызды жаңалықтардың бірі – Сауран ауданында мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында облыстық деңгейде 200 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде. Орталық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмысын бастайды. Бұл орталық мүгедектігі бар адамдарға заманауи талаптарға сай қызметтер көрсетеді.
Қайсар жандардың арасында салауатты өмір салтын ұстанып жүрген тұрғындар қатары көбеюде. Өңірде мүгедектігі бар адамдарға арналған «Сауран клубының» спортшылары Азия және Республика чемпионаттарында, Әлем кубогі үшін сайыстарда дзюдо, Пара жеңіл атлетика, армрестлинг, дойбы, Пара пауэрлифтингтен жүлделі орындар иемденуде.
Бүгінгі шара мүгедектігі бар адамдарды белсенді өмір сүруге мотивация беру мақсатында ұйымдастырылды. Онда қолөнер көрмесі, Сауран Паралимпиада спорт клубының мастер класы, Пара Армрестлинг, үстел теннисі спортшылары өнер көрсетіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ҚОЛҒА АЛҒАН ЖЕТІСАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.