Бүгін Сайрам ауданы Ақсукент-2 ауылында Ш.Қалдаяқов атындағы ауылдық мәдениет үйінде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік Кодексі» нормаларын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында арнайы кездесу өтті.
Бекітілген кестеге сәйкес, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сарыбеков Нұрлан Өмірбекұлы жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ғ.Боранбек «Әлеуметтік Кодекс» нормалары, атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндіріп өтті.
Келесі кезекте Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Х.Мақұлбаева «Әлеуметтік Кодексі» бойынша әлеуметтік төлемдердің санаттарына жеке-жеке тоқталды.
Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры
А.Кенжебаев әлеуметтік көмек жөніндегі төлемдердің 5 түріне жеке-жеке тоқталды.
Түсіндірме жұмыстары қорытындыланған соң, әлеуметтік төлемдер төңірегінде талқылаулар өтті.