ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

22.06.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысып, жергілікті ақсақалдармен кездесті. Іс — шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ — бірлігінің артуына үлес қосып, халыққа қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері қатысты. Зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қарияларға арналып ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер барлық қызмет түрін тегін алады. Денсаулықтарын тексерістен өткізіп, бос уақытын тиімді пайдаланады. Зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы басқа үйірмелер қызмет етеді.
Жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем алуға болады. Қазіргі таңда Түркістанда 15 мыңға жуық зейнеткер бар. Орталықта күніне 70 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Кездесуде қала ақсақалдары өз ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі, мәдениет, руханият туралы ойлар қозғалды.
Облыс әкімі өңірдің ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиені өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсене атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдірді.
– Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Аталарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары – ұрпаққа ұлағат. Адамда негізгі екі қасиет болады. Біріншісі ол – адамгершілік, имандылық, мәдениет. Бұл қасиеттер тәрбиемен келеді. Екіншісі – білім. Білім мәдениетпен қатар жүруі тиіс. Жастарымызға дұрыс бағыт, дұрыс тәрбие берейік. Сіздердің өскелең ұрпақтың тәрбиесіне қосар үлестеріңіз мол. Бүгінгі ұсыныстарыңыз үшін рақмет. Оларды қарастырамыз.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының негізгі басымдықтарының бірі – қарттардың денсаулығын күту. Осында сіздер үшін жайлы жағдай жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осындай орталықтар басқа аудандарда да ашылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды тоқтатпаймыз, – деген Дархан Сатыбалды қарияларға жүрекжарды лебізін білдірді.

 

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТҰРАҚТЫ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.