ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ КӨШТІҢ АУҚЫМЫ ҰЛҒАЙЫП ЖАТЫР — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ КӨШТІҢ АУҚЫМЫ ҰЛҒАЙЫП ЖАТЫР

06.06.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЛТҮСТІККЕ КӨШТІҢ АУҚЫМЫ ҰЛҒАЙЫП ЖАТЫР

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Бұл бойынша үкімет “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасын қолға алған еді. Осы тапсырма негізінде бүгін еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша Оңтүстік өңірінің халқын Солтүстікке көшіруді қалыптастыруға бағытталған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында таяуда Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға шығып, оның ішінде 20-ға жуық отбасы теріскейде қалуға бірден шешім қабылдаған. Қалған тұрғындар алдағы уақытта көшетін аудандарын таңдап, кезең-кезеңімен солтүстікке қоныс аудармақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков мәлім етті.
2016 жылдан бері Солтүстікке көштің жандануына атсалысып жүрген халық қалаулысы Жаңабай Молдабайұлы бұл жолы да өңір тұрғындарының теріскейдегі тіршілікпен танысып қайтуына жағдай жасап, қолдау көрсетті. Спикердің айтуынша, осындай танымдық сапарлар алдағы уақытта да жалғасады.
«Жақында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен осы көштің басы-қасында жүрген ұлтжанды азамат Бурахан Даһанов өңірімізге келіп, онымен бірге бір аптадай түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесіз емес. Солтүстіктің жері құнарлы, онда жұмыс көп, маман тапшы. Біздің өңірдің еңбекқор халқы солтүстікке де тез бейімделіп жатыр. Бірнеше жыл бұрын теріскейдегі жабылғалы тұрған мектеп оңтүстіктен көшіп барған 50 шақты оқушының арқасында жұмысын жалғастырып, ауылдың ажары артты. Қазақ елінің әрбір жері қастерлі. Қолынан іс келетін, мал бағуға, егістікпен айналысуға ебі бар өңір тұрғындарын солтүстікке қоныс аударуға шақырамын», – деді ол.
Брифинг барысында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов 2015 жылдан бері жұмыс күші азайған Солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан Оңтүстік аймақтарынан халықты көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Басқарма өкілінің баяндауынша, 2015-2022 жылдар аралығында Солтүстікке өңірімізден 11 892 адам қоныс аударған. Ал, осы жылдың 5 айында облыстан 206 отбасы, яғни 691 адам көшіп барған.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылға республика бойынша 6727 квота бөлді. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 8 облыс белгіленген. Олар – Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары. Биыл 19-21 сәуір аралығында Түркістан облысының 9 ауданында еліміздің солтүстік-шығыс 4 аймақтарының өкілдерінің қатысуымен «Қоныс аудару» жәрмеңкелері, «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы өкілдерімен бірге халықпен кездесулер өткізілді. Нәтижесінде, 509 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, оның ішінде 100-ден аса азамат оң шешім қабылдайтынын жеткізген», – деді Нұржан Нұрашов.
Брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Еңбек ауылына көшіп баруға шешім қабылдаған саурандық Әділхан Жумадулла теріскейге көштің тиімді тұстары жайлы пікірін білдірді. Ол солтүстікке қоныс аударушылар үшін тұрғын үйлердің бағасы қолжетімді әрі мал шаруашылығына ыңғайлы екенін тілге тиек етті. Ауылдың әлеуметтік жағдайы да көңілінен шыққан.
«Солтүстіктегі ағайын ыстық ықыласпен қарсы алып, қолдауын көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта онда ірі қара мал бағып, осы шаруашылықты дамытуға күш салмақпын. Мен барған Шал ақын ауданында балық шаруашылығымен де айналысуға мүмкіндік мол. Ауданда 17 көл бар екен. Болашақта көлдің емдік балшығының негізінде санаторий ашуға ниеттімін. Осы сапар нәтижесінде өзім 15 шақты отбасыға құжаттарын рәсімдеуге көмектесіп, солтүстікке алып бара жатырмын», – деді ол.
Одан бөлек, солтүстікке көшуге ниетті Келес ауданының тұрғыны Мұхамеджан Алдияров та мал шаруашылығына лайықты елдімекенді таңдап, алдағы аптада көшуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол көшіп барған соң солтүстік жұртына ұлттық спорт түрі көкпарды насихаттап, дамытқысы келетіндігін айтты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Әлеуметтік бағдарламалар – береке бастауы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ СЕНАТОРЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
5
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
4
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
4
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.