КӨЛІК “КАРДИОЛОГЫ” — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӨЛІК “КАРДИОЛОГЫ”

26.04.2023
Жаңалықтар
0
КӨЛІК “КАРДИОЛОГЫ”

Түркістанда ширек ғасырдан бойы көлік жөндеумен айналысып келе жатқан Айзада  ханым тұрады. Көпшіліктің алғысын алуға асығатын Айзада тұтынушыларының ыстық ықыласына бөленген жан. Пейілі дархан, қарапайым еңбек адамы өз жұмысынан ләззәт алып сапалы қызмет көрсетуді өмірдегі айнымас қағидасына айналдырған. Көпшілікке Айка есімімен танымал көлік жөндеушімен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Осы салаға келместен бұрын немен айналыстыңыз?

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

– Базарда сауда жасадым, тігіншілікпен айналыстым…

– Бір күнде шамамен неше көлікке жөндеу жасап үлгересіз?

– Ол енді, көліктің бұзылып тұрған жеріне байланысты. Мысалы, мына жігіт қаладағы басқа автосервиске барған. Олар көліктің ақауына «дросный заслонка» деп диагноз қойған. Қазір соны тексеріп білетін боламыз. Мұндайда кейде бір ғана емес бірнеше белгісіз жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан дұрыстап тексеріп, білу қажет.

– Демек, сіздің жұмысыңыз мотор жөндеушілерден кейінгі екінші маңызды жұмыс қой солай ма?

– Иә, әрине. Мысалға, мотор жақсы жұмыс жасап тұрса, демек компьютерлік қызметі де дұрыс деуге болады… Анау көлік Шымкент қаласынан келіп тұр. Оларға да «дросный заслонкаң жарамайды» деп айтқан, тексеріп қарасам көліктің ол жері емес, компьютерлік қызметі толықтай істен шыққан. Енді соның керек-жарақтарын іздеуге базар аралап кетті. Мен көбіне компьютерлік қызмет жағын дәл анықтаймын. Мысалы, біз статор, динамо деген сияқты нәрселерді істемейміз. Мысалы динамо қуаты қанша беріп тұр соны айтамыз, қуатты дұрыс бере алмай жатса электрикке бар деп бағыт-бағдар беріп отырамыз…

– Клиенттеріңіз тек қана Түркістан қаласынан емес басқа да аймақтардан болып тұр ғой, солай ма?

– Иә, көп қой. Жаңа ғана Қазалы қаласынан келген «Газель» жүк көлігін жөндеп жібердім. Басқа да жерлерден келетіндер бар. Қызылорда облысының өзінен, Жусалы, Шымкент қалаларынан арнайы келетіндер бар.

– Әйел затына  бұл салада қызмет көрсету қандайда бір қиындық тудырмайды ма?

– Жоқ, ешқандай қиындық тудырмайды. Керісінше рахаттанамын. Мысалы, ақ халатты дәрігерлеріміз бір науқасты емдеп шығарса, оның алғысын алса өз жұмысынан рахат алып, одан әрі жұмысына қызығушылығы арта түседі ғой. Менде де сол секілді бір көлікті жөндеп бере алсам мен одан ләззат алып, жаным жай табады. Келіп тұрған жүргізуші алғысын айтып, көңілі тоқ болып кетсе болғаны.

Анықтағанымыздай,  Айзада ханымның жұмыс істеп жатқан гаражы өзінікі емес екен. Оны бұл жұмысқа тартқан ағасы екен. «Ағамның денсаулығы жарамағандықтан маған берген. Біздің отбасымызда  бәрі көлік жөндеумен айналысады. Тағы да бір ағам бар ол кісі де бала – шағасымен бірге жұмыс істейді. Көлік жөндеудің қыр – сырын сол кісіден үйренгенмін» – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Нәзік жанды қыз баласына  көлік жөндеуді үйрету қиынға соқпады ма деп ұстазы атанып кеткен ағасымен де сұхбаттасқан болатынбыз.

«Үйрену кезінде ешқандай қиындықтар орын алмады десем де болады. Ер балаға үйреткеннен осы қарындасыма үйреткен оңай болды. Бір жерін жөндей алмай қиналып, жолын таппай жатқан кезде бір рет қана көрсетем соны бір көргеннен қағып алады. Сол жақсы қабілетінің арқасында болса керек. Себебі, екінің бірінің қолынан келетін жұмыс емес қой. Бұған дейін бізде дөңгелек жөндеу орталығы болды сол кезден бастап қызығып, қасымнан қалмай, өзінің қызығушылығының арқасында үйреніп алды ғой» – дейді ол кісі бізбен әңгімесінде.

– Айзада ханым, бір күнде өзіңіз шамамен қанша табыс табасыз? Осы салаға келгеніңізге қарағанда қомақты қаржы табатын сияқтысыз?!

– Алланың бергені ғой. Бұйырғаннан артығы жоқ. Бір күндері екі көлік келеді, бір күндері бес көлік келеді, сол келген көліктерден табысымды тауып, тынбай еңбек етудемін.

– Айзада апай, шынайы сұхбатыңызға рахмет. Табысыңыз берекелі болсын!

Сұхбаттасқан: Е.СМАҒҰЛ

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІНДЕ — ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН, ХАЛЫҚТЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН — ЖАРЫЛҚАСЫН МЕЛДЕШҰЛЫ!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 12 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.