Дана қазақ «Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» деп тәмсілдеген. Бұл тұрғыда біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі биік. Соның ішінде білім саласының арқалар жүгі жеңіл емес. Ғалым да, шахтер де білім алған ұлы мамандық иелерінің қателесуге хақылары жоқ. Сондықтан да олар ұдайы тәжірибелік білімдерін жетілдіріп, дамытып отырады.
Айгерім Тұрсұнбаева 1985 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 2003 жылы №15 М.Жұмабаев атындағы орта мектепті үздік куәлікпен бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ Түрік университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Осылайша Айгерім Тұрсұнбаева ұстаздық жолындағы алғашқы қадамын 2008 жылдың қыркүйек айынан бастаған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы,”Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Мамандық айналамызда жетерлік, бірақ кез келген маманды маман қылатын да ұстаз. Ол кісілердің еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» дегендей ұстаздың міндеті ауыр, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады. Міне осындай қасиетке ие мұғалім, балалардың өмір жолына бағыт-бағдар беріп, жарқын болашағына бағдаршам бола білген ұстаздардың бірі осы Айгерім Тұрсұнбаева Алиакбарқызы. Тәлім – тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетуші, бар адами қасиеттерді бойына жинаған талантты ұстаз. Бүгінгі таңдағы тәлімгердің қасиетіне ие, жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Ізденіс негізінде ол әрқашан теориялық білімін кеңейтіп, методикалық шеберлігін арттырып отырады. Өз бетінше іздене жүріп әрекетіне сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығын шыңдай түседі.
Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, қалалық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз десек, қателеспейміз. Өзінің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыру екендігі белгілі. Айкерім апай білім беріп жүрген сыныптарына қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша үнемі жеке жұмыс жүргізіп, оқытып отырады. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсап жүрген ұстаздардың бірі де, бірігейі.
Сонымен қатар, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзін және шәкірттерінің ойлау жүйесін, білімін дамытып отырады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық. Қолынан келгенше жас мамандарға өзінің жұмыс істеу қағидалары мен еңбек жолымен бөлісіп отырады.
Зерттеу бағыты мен артқарған қызметі бойынша мазмұнды жұмыстарының нәтижесінде білікті маманның жеткен жетістіктері мемлекет тарапынан бағаланып, көптеген марапаттауларға ие болған. Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материалдары жарияланып, «Ұстаз тілегі» Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар, ұстаз «Марафон финансовая грамотность для детей и молодежи» атты олимпиадасына қатысып, өзінің білімін арттырған. «Менің бастамам –туған жеріме» тақырыбында өткізілген қалалық семинарға өз үлесін қосқан. «Математика» пәні бойынша олимпиадаға қатысып І дәрежелі дипломға ие болып, республикалық «Педагогикалық шеберлік» журналының бас редакторынан үлгілі мақала жариалағаны үшін арнайы мадақтамамен марапатталған. «Пән олимпиадасының үздік педагогы-2020» қалалық математика пәні бойынша олимпиадаға қатысып 2 орынға ие болды. Математика пәні мұғалімдеріне арналған вебинарларға қатысып дараланып көзге түскені үшін алғыс хатпен марапатталған. Кәсіподақ комитетінен Құрмет грамотасымен және төс белгіге ие болған. Алматы қаласында өткен «Жас лидер академиясы» форумына қатысып, жобаны сәтті аяқтағаны үшін алғыс хатпен марапатталған.
Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту, сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыру бойынша арнайы сертификатқа да ие болған. «Қашықтықтан үйренемін» атты вебинарды үздік аяқтағаны үшін алғыс хатпен марапатталған. «Онлайн мектеп арқылы қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» атты онлайн курсты жоғарғы нәтижемен аяқтаған. Білім алып, шәкірттерін білім ұшына жетелеу үшін уақыт талдамайдын ұстаздарға мың алғыс.
Ұстаз – өз кәсібін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы сүйіспеншілігінің арқасында шәкірттерін алға жетелейді, бағыт-бағдар береді, шабыттандырады, баланың мақсат қойып және оған жетуіне сенім ұялатады, іске батыл және сенімді қарап кірісуіне септігін тигізеді. Ұстаз үнемі лүпілдеп соғып тұрған жүректің жадында сақталады. Шәкірт пен ұстаз арасындағы сыйластық, өзара қамқорлық сезімдері шәкіртінің шыңдалуы мен білім нәрімен сусындауына септігін тигізбек.